Көне түрктердің таңбалар жүйесі
Жалпы мәлімет
Көне түрк қоғамында таңба-белгілер жүйесі ерекше орын алған. Бұл дәстүр сонау хұннұ дәуірінен сабақтасқан еді. Көне түрк таңбалар мен белгілер жалпы түрктік мәдени мұрасының бір бөлігі. Таңбалар – отбасылық, ру-тайпалықтан бастап тіпті этносаяси бірлестіктердің немесе билеуші қаған әулетінің эмблемасына және т.б. дейін кеңінен қолданылған, көне түрк қоғамының саяси-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алады. Таңбалар қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік қабаттар мен алуан түрлі топтардың қатынастарын реттеуші маңызды құқықтық механизм болды, әсіресе көшпелі қоғамдағы түрлі меншіктерге байланысты мәселелерді шешуде таңбалар ерекше қызмет атқарды.
aGmT - Tamγa > тамға. Көне түрк дәуіріндегі бітіктастарда аталатын тоғыз оғұз, сегіз оғыз, үш оғыз, түргеш, он оқ, қырқыз, құрықан, чік, қарлұқ, басмыл, отұз татар, қытан, татабы және т.б. көптеген көшпелi этностардың өз алдына жеке-жеке арнайы таңба, белгілері болды. Онда жалпы тайпалық таңблары, одан
туынданған таңбалары, сонымен қатар жеке, отбасылық, рулық, тайпалық секілді олар билік, меншік иелерінің қоғамдық статусын айқындайтын саяси-әлеуметтік белгілер болып табылады.
Көне түрктер осы таңбаларын «tamγa» деп атады, ол екі мағынаны білдірді. Біріншісі - «ру, тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түрк бітік тілінде аталмыш сөздің түп-төркіні *tap- // * tab- (семантикасы: бірдеменің ізі, қалдығы, із қалдыру - «таптау, табы, табандау») // > tam- ( семантикасы: - «тамызу, күйдіру, белгі ен басу ») > tam+γa > tamγan (tamγa+n / tamγa+čï - семантикасы: мөр жасаушы, мөр таңба сақтаушы) > taŋba («таңба, таңбалау») деген бағытта дамып өрбіген. Көне моңғол тілінде taba > тав (табы), tamaγa> тамага> тамга (таңба) тұлғасында сақталынған .
Пікір қалдыру
Mahir Öztürk 12 Желтоқсан, 2021
Tam-Tab kökü Arapça sanılıyor. Örn: Tabib, Tab "basmak", ib ise "el". Yaraya elbasan anlaminda kullanılıyor. Çok buyük bir leksik yuvası bu tab. Pek çok sözcük türetilmiş.