Талас- XII (Т-12) бітіктасы

Жалпы мәлімет

 VIII-X ғғ.   Талас қаласынан (бұрыңғы Әулие –Ата уезді, Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым шығыс-оңтүстіктегі Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық)  деген жерден табылған. Сұр  құмдақ тастан жасалынған. Тастың үстіңгі бетінде 3 жол мәтін қашалған. Алайда жазуларының кейбір тұстары  өшіп кеткен. Тастың  өлшемі: 90х60х47 см.

Қырғызстан, Бішкек қаласындағы  Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы.



 

 


Ғылыми зерттеулер

1962 ж.  Д.Ф.Винник    тапқан.  И.А. Батманов, Ч. Жумагулов  көшірмесін жариялаған.

Ғылыми әдебиет

Батманов И.А.  Двенадцатый таласский текст // Таласские памятники древнетюркской письменности. Фрунзе, 1971. С. 24.,  Рис-19. 

Джумагулов  Ч.    Двенадцатый  таласский  памятник // Эпиграфика Киргизии. Выпуск-3. Фрунзе, 1987, С. 26-30. Рис. 3, 4.   

Мәтін

Қашалған жазу  тозып өшіп кеткен, бір-екі таңбалар ғана сақталынған.

Пікір қалдыру