Түргеш дәуірінің монеталары

Жалпы мәлімет

     Түргеш дәуірінің монеталары (690-756 жылдары) Тараз, Суяб /Таң патшалығының «кайюань тунбао» үлгісіндегі мыс тиындарға негізделген.

Түргеш дәуірінде Соғды, Кеш, Бұхара және басқа аумақтағы қала, қалашықтарда осы тәрізді монеталар ақша айналымында елеулі рөл атқарды. Түріктер мен соғдылықтар арасындағы сауда-саттық байланыстарының қарқынды жүруі, сондай-ақ қытайлықтармен де сауда тауар алмасу ісінің кеңінен болғандығын аталмыш монеаталар дәлелдеп отыр.

    Түргеш дәуірінің монетасы. VIII-IX ғасыр. Салмағы 2,0г. Шеңбері -2,5 см. Аверс: соғды курсив жазуымен: “Bүy twrkys ү’ү’n pny – «Киелі Түргеш қағаның «пани»-ақшасы. Реверс: садақ таңба. Таңбасы, жазуы және тиынның жиегi анық соғылған. Тиынның ортасында төртбұрыш тесiгi бар.

Ғылыми әдебиет

www.zeno.ru

Пікір қалдыру