Түрк дәуірінің соғды мәтінді ақша монеталары

Жалпы мәлімет


Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызтан жерлерінде Түрік Елінің батыс қанатының ру-тайпалары мекендеп, оларға қаған, тегін, йабғұ лауазымды билеушілері билік жүргізген еді. Орта Азия ежелден көне түріктердің ежелгі қоныстарының бірі. Мұнда Ұлы Жібек жолы тораптарының ірілері санатында Тараз, Суяб, Отырар, Шаш сияқты көптеген  қалалар болды. Қазақ жері сол дәуірлерде еуразиялық ұлы империя Түрік Елінің (Бұмын, Естемі және басқа қағандар), Батыс түрік қанаты, он оқ, түргеш, оғыз, қарлұқ, қыпшақ ұлыстардың иелігінде болды. Әсіресе, Жетісу өңірінде он оқ, түргеш, қыпшақ, оғұз, қарлұқ, чігіл, йағмалар  және соғдылар Батыс түрік халықтарының этногенезін қалыптастырды.

    Батыс Түрік қағандығының астанасы – Суяб қаласы болды. Және Құңғұт, Тараз, Мерке, Испиджаб (Шымкент), Тарбан (Отырар), Атлах, Құлан, Қайалық, Барсхан және тағы басқа  қала-қалашықтары бой көтерді. Сол дәуірдің айғақтары ретінде бүгінгі Қазақстан (әсіресе Оңтүстік Қазақстан) аумағында және Өзбекстан, Қырғызстан жерлерінде көне соғды жазулы  монеталар, түрік бітік жазулы ескерткіштер, қорған, бәдіз тасмүсін, балбал секілді жәдігерлер молынан кездеседі. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу бойында,  Өзбекстанның Шаш, Ферғана, Қырғызстанның Талас өңірінде сауда-саттық қатынастарының айқын фактілері әртүрлі монеталар ақша айналымында қолданылды. Батыс Түрік қағанатының қағандары және олардың тегіндері мен тұдұндары атынан шығарып тұрған  монеталар қазіргі Өзбекстанның Канка, Құлақтепе, Ақтепе, Ханабад, Кавардан, Киндиктепе секілді аумақтарынан молынан табылып отыр. 

Ғылыми әдебиет

  

Бабаяров Г. Древнетюркские монеты Чачского оазиса (VI-VIII вв.н.э.). Издательство Национальной библиотеки Узбекистана им. А.Навои:-Ташкент, 2007. -120с.

Gaybullah Babayar  Köktürk kağanligi sikkeleri kataloğu. –Ankara:TIKA, 2007.- 244.

www.zeno.ru 

Пікір қалдыру