Қара-сұғ (E-9) бітіктасы

Жалпы мәлімет

 Усть-Элегест ауылынан 2 км жердегі Элегест өзенінің оң ағысы Қара-Сұғ бұлағының маңындағы Саиқ деген жерден табылған. Бітіктас сарғыш сұр құмдақ тастан жасалған. Өлшемі: биіктігі – 190 см, ұзындығы – 41 см, ені – 16 см. Бітіктаста 5 жол мәтін тастың екі қапталына тігінен қашалған.Қазіргі кезде 1 және 2 жолдар тіпті көрінбей қалған. Ескерткіштің нашар сақталуы 1973 ж ескерткішті қаптаған минералды химиялық тазалаудан өткізген соң, бүйіріндегі жұқа бетінің бірінде жартылай өшкен бітік байқалды. Бірақ оларды жаңғырту мүмкін болмады. Ескерткіш кейінірек кездегі тастың бетіне жазушылардың әсерінен қатты бүлінген. Алдан-маадыр атындағы Тува республикалық өлкентану музейінде сақтаулы.



Ғылыми зерттеулер

1888 ж Мартьяновтың көрсетуі бойынша Аспелин тапқан.1891 ж Клеменц ескерткішті зерттеп, көшірмесін жасаған. 1892 ж Ошкуров зерттеп, көшірмесін жасап. Эстампажын В.В.Радловқа тапсырған. Мәтіндік зерттеуін В.В.Радлов, С.Е.Малов, H.N.Orkun  және басқа ғалымдар жасаған.

Ғылыми әдебиет

Radloff  W.  Die Inschriften vom Ujuk-Tarlak  // Die Alttürkischen Inscrihpiften de Mongolei.  Dritte  Lieferung  Die Denkmäler von Koscho-Zaidam, die ubrigen denkmaler des Orchon bechens und denkmaler im flussgebiete  des Jenissei. -St.Petersburg, 1895. p. 310-311.

Orhun H.N. Eski Turk Yazitlari , Istanbul, 1939, T-3. ss. 199-200.

Малов С.Е.   Енисейская письменности тюрков. -М.-Л., 1952. С.24-25. 

Мәтін

 beŋüsü yoq ermiš yïlïnda yüz eligde


adglzujOLJ smrxJusuyb




Пікір қалдыру