«Олон нуур» ғұрыптық кешені мәтіні

Жалпы мәлімет

 Моңғолиядағы Хаңғай тау жоталарының оңтүстігінен 2048 м қашықтықта  орналасқан. Бұл Баянхонгор аймағының Галуут сұмынындағы Олон Нуур деп аталатын жер.Кешеннің көп бөлігі табылған орнында. Екі мүсінтас Баянхонгор аймақтық музейіне әкелінген.Ғұрыптық кешенінің құрамында  барықтас -1, тасмүсін бәдіздер,  тас тұғырлар, 54 балбал тас бар. Барық тас 4 қапталдан құралған. Үш қапталының сыртына өсімдік бейнелі ою-өрнек қашалған. Табылған кезде олардың сынған бөлшектері болған. Солтүстік батысқа қарап тұрған төртінші қаптал құламаған, бетіне ешнәрсе қашалмаған. Бір қапталында тесік бар.Балбал тастар кешеннің оңтүстік шығысына қарай 784 метрге тізілген.Барықтастың оңтүстік шығысқа қарап тұрған бедерленген қапталының шетіне түрік бітік қашалған. Қапталдың шетіне тігінен екі жол мәтін, жоғарғы шетіне көлденең бір жол мәтін қашалған. Бұл жолдың көп бөлігі өшіп кеткен.

Сынып түскен басқа қапталдың бөлігінде де түрік бітік жазулы мәтін бар. Бірінші қапталдың өлшемі: ұзындығы 221 см, ені 108 см, қалыңдығы 16 см. Таңбалардың биіктігі 4-6.7 см, ені 2.3-5.1 см аралығында.

Екінші  сынған бөліктің өлшемі: ұзындығы 93 см, ені 76 см, қалыңдығы 11 см, таңбалардың биіктігі 14.1-7.5 см, ені 4.5-6.9 см аралығында.







Ғылыми зерттеулер

 Моңғолиядағы осы кешенде  2005 жылдың қыркүйегінде тоналғаны туралы ақпарат түседі. 2008 жылдың маусымында Моңғолия Ғылым Академиясы проф.Д.Баяр, Р.Мөнхтулга, С.Хүрэлсүх экспедицияны кешенді қазба зерттеулерін жүргізді. Аталмыш ғалымдар осы ескерткіштің фотосуреттерін, сызбаларын, транскрипциясын, оқылуын, түсініктемелерін және моңғол, ағылшын тіліне аудармасын алғаш рет жария етті.

Ғылыми әдебиет


Баяр Д., Мөнхтула Р., Хүрэлсүх С. Олон нуурын хөндийн дурсгал // Шинжлэх ухааны академийн мэдээ. –Улаанбаатар, 2008,  № 2 , - 108-117 тал.

Мәтін

Мәтін:

1.      En elig çur önçin : kegü : qaz-(ğantım)

2.      qatığ : taşığ : ebig barqığ ( : toqıtdım)

3.      umïz- / / -sar : az

4.      erkinç



...zQ ugK nWuRUCgln

 GQRBgb GYT GTQ..

.z Rs...zmU

WKr


Пікір қалдыру