Жошы хан кесенесі

Жалпы мәлімет

Қазақстан Республикасы,  Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан  50 км жерде Қаракеңгір өзені бойында салынған ортағасырлық порталды-күмбез ескерткіш.

Евразиялық  империя құрған Шыңғыс қағанның (1155 /1162-1227 жж.) үлкені ұлы  Жошы (1184–1227 жж.)  ханға арналған ескерткіш кешен. Төбесі көк түсті күмбез, кіре- беріс порталында жазулы әрі өрнекті кірпіштер болған.  Кешеннің ішінде ер және әйел адамның екі қабірі анықталған.   

«Жошы»  атауының мағынасы: Жазба деректерде  «Туши, Джуши, Жочы, Зучи»  секілді  түрлі  тұлғада хаттаған және  ортағасырлық түрк-моңғол тіліндерінде   Yočі // Žočі // Žöčі // Žüčі > Йочы, Жочы, Жөчі, Жүчі  нұсқаларда кездеседі. Аталмыш сөздің этимологиясын   қазіргі моңғол тіліндегі  «Žočïn> зочин» ( қонақ)  және  түрк тілдеріндегі «Jolčï> жолшы» мағынасында деп қарастырады. Қазіргі қазақ, моңғол тілдерінде жолығу,                                      жолұғақұ>золгох (жолығу) мағыналы сөздермен семантикалық байланысты. Демек «Жочы//Жошы» деген «жолда жүруші, жолшы,  жолшыбай қонақ»   деген сөз.  Шын мәнінде де Шыңғыс қағанның Бөрте қатұннан туған үлкен ұлы жолда туғандықтан көшпелілердің ырым-жосындық салт-дәстүрі бойынша солай атаған.

Өтеміш қажы  «Шыңғызнаме» шығармасында  : Шыңғыс хан бір тарапы Бағдат, екіншісі  — Үндістан, үшіншісі — Дешті Қыпшақ  пен Еділ9 дариясы болган уәлаяттарды жаулап алғаннан соң, осы уәлаяттарды өзінің  төрт-бес ұлына бөліп берді. Ирак уәлаятын ол Хулагу ханға берді. Өгедей ханды өз уәлаятына қойды. Тулы ханды өзінің қасында ұстады. Шағатай ханга Бухара, Самарканд, Хорасан және Хисар  уәлаяттарын берді.Жошы хан ұлдарының үлкені еді. Шыңғыс хан оған үлкен әскер берді де, Дешті Қыпшақ  уәлаятына тағайындап жіберді: «Аттарыңа жайылым болсын» деп Хорезм уәлаятын тағы берді. Жошы хан Дешті Қыпшаққа  бет алып, әйгілі  Ұлы-Тауға жетті. Бір күні, тауда аң аулап жүргенінде оған бір табын марал- киіктер кезігеді. Аңды қуалап жүріп атарда ол атынан жығыл-ды да, содан мойны үзіліп , мерт болды».

Жошы және оның әулеті басқарған  Ертістен Дунайға дейінгі алқапта,  Дешті-Қыпшақ даласында  Uluγ ulus>Ұлық ұлыс құрылды. Кейінірек бұл политоним атауы славян, батыс жылнамаларында «Золотая орда, Golden Horde, Алтын орда» деп ханның ордасының алтынмен көмкерілген ордалық киіз үйіне қарай аталып кеткен еді.

Ғылыми зерттеулер

Альджапов О.  Предания об Алаша-хане и об его сыне Джучи-хане  // Киргизская степная газета”, 1897, №13, 14, 18

Маргулан А.Х. Архитектурные памятники в долине реки Кара-Кенгир // Вестник АН КазССР”, 1947, №11

Герасимов Г.Г. Памятники архитектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане, -А.-А., 1957.

Егинбайулы Ж.  Археологические исследования комплекса Жошы-хана // Отан тарихы, 2/ 2001.-98-185.

Өтеміс қажы. Шыңғыс-наме./ факсимиле, транскрипциясы, мәтіннамалық ескертулер,  зерттеу мақалалар В.П. Юдиндікі. Алғын сөзін, түсіндірмелері мен көрсеткіштерін жасаған М.Қ.Әбусейітова.-Алматы:Дайк-Пресс, 2005.-400б.

Пікір қалдыру