Көне түрк дәуірінің фольклорлық кейбір деректері

Жалпы мәлімет

Еуразиялық кеңісіткте мекен еткен түрктердің аңыз, мифологиялық әңгімелері баршылық. Cолардың ішінде кеңінен тарағаны  «Бөрі //Ашына», «Оғыз хан» және «Қорқыт ата» аңызы.

«Ашына» туралы аңыз.  Көне қытайдың әулеттік жазбаларында кездеседі. Таң патшалығы дәуіріндегі «Суйшу» , «Чжоушу» (636 ж.) кітабы. Сонымен қатар аталмыш аңыз қазіргі моңғолдарда да сақталынғанын атап өту керек (Тойшан, 2006.143-154).

Мәтін

1- мәтін: «Туцзюелердің (Түрктердің) арғы тегі – Пинлян (Ганьсу?) жеріндегі аралас хулар болатын. Олардың әулеттік атауы – Ашина. Соңғы Вейдің Тайву патшасы Цзюцюй әулетін жойған кезде Ашина 500 отбасын бастап жужуларға (жұжандарға) қашып барып паналаған. Олар ұрпақтан-ұрпаққа Цзинь –шаньда (Алтын тау?) тұрып теміршілікпен шұғылданып келеді. Цзиньшань сырттай қарағанда доумоуға (дулыға, тымақ?) ұқсайды, ал доумоу әдетте туцзюе деп те аталады, сондықтан олар өздерін «туцзюе» деп атаған. Сихайдың (Батыс теңіз, Каспий?) жоғарғы жағында мемлекет құрған, кейін оны көрші мемлекет жойып адамдарын кәрі-жас демей түгел қырып тастаған. Сөйтіп, (көрші ел әскерлері) бір ұл балаға келгенде, оны өлтірмей, аяқ-қолын кесіп үлкен бір сазға апарып тастайды. Сонда бір қаншық қасқыр әлгі балаға үнемі ет апарып беріп тұрған екен. Бала сол етті қорек етіп аман қалады. Кейін ол бала қасқырмен қосылып, қасқыр буаз болады. Көрші мемлекеттегілер тағы да адам жіберіп әлгі баланы өлтіргенде қасқыр баланың қасында екен. Олар қасқырды өлтірмекші болады, бірақ қасқыр құдайдың құдыретімен қас қаққанша теңіздің шығыс жағына өтіп, бір таудың басына шығып кетеді. Ол тау Гаочанның солтүстік-батысында екен, таудың етегінде бір үңгір болыпты, қасқыр сол үңгірге кірсе, үңгір ішінен аумағы 200 лиден астам, шөбі шүйгін жазыққа тап болады. Кейін келе қасқыр 10 ұл туыпты, соның ішіндегі біреуінің аты Ашина екен, ол ұлдардың ішіндегі ең ақылдысы болғандықтан, ел билеушісі болады. Ол орда есігіне бөрінің басы салынған ту тігіп қояды, бұл оның өз тегін ұмытпайтындығын білдірген екен» /«Суйшу» («Туцзюе баяны») (Бичурин, 1998.224-225; Қытай деректемелері,4. 65-66) .


2-мәтін:  «Туцзюе – сюннулардың өзге бір түрі болатын, [билеуші] әулеті ашина деп аталады, олар өз алдарына бір қауым тайпа болып қалыптасқан. Кейін келе оларды көршілес мемлекет күйретіп, елі түгелдей қырылған. Сол соғыста жасы онға енді толған жас баланы жау әскері өлтірмей, екі аяғын кесіп, көк шөптің үстіне тастап кетеді. Сонда бір қаншық касқыр ет әкеліп, әлгі баланы асырап-бағыпты. Бала ержет-кен сон қасқырмен қосылып, қасқыр буаз болады. Баланың әлі тірі екенін естіген жау елінің елбасшысы тағы да адам жіберіп, баланы өлтірмек болады. Жіберген адамы баланың жанындағы қасқырды көріп, оны да өлтірмек болғанда, қасқыр кашып, Гаочан мемлекетінің солтүстігіндегі тауға шығып кетеді. Тауда бір үңгір болыпты, үңгір іші аумағы бірнеше жүз ли келетін, терт жағы таумен қоршалған жазық екен. Касқыр сол үңгірге жасырынып, он ұл туыпты. Он бала ержете келе сырттан әйел алып, олардан ұрпқ тарапты. Кейін он баланың ұрпақтары бір-бір әулет болып қалыптасады, ашина – сол әулеттердің біреуі. Олардың ұрпағы өсіп-өніп, жүздеген түтінге дейін жетеді. Осылайша бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі әлгі үңгірден шығып, жужуларға бағынып, Цзиншань тауының күңгей жағын мекендеп, жужулардын, теміршісі болады. Цзиньшань тауы дулығаға ұқсайды, олар дулығаны «туцзюе» дейді, сондықтан олар өздерін де «туцзюе» деп атап кеткен» «Цжоушу» («Туцзюе баяны») (Бичурин, 1998.224-225; Қытай деректемелері, 4. 65-66) .


Пікір қалдыру