Ұлық ұлыс тарихына қатысты ортағасырлық миниатюралар
Жалпы мәлімет
Ортағасырлардан ( XII ғасырдан) бастап шығыс елдерінде әсіресе парсы қолжазба кітаптарында көркемдік сурет сызу өнері яғни миниатюралар сызу өнері қарқынды дами бастады. Сөйтіп Елхандық, Жалайырлық, Темірлік, Түркмендік «миниатюра мектептері» де түрлі өңірлерде Тебриз, Бағдат Шираз, Исфахан және басқа қалаларында қалыптасқан болатын. Осындай миниатюраларға бай кітаптардың қатарында Рашид – ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих», Фирдоусидің «Шахнаме» сынды көптеген туындылар жатады.
Осы орайда Шыңғыс қаған және оның әулеті әсіресе Ұлық ұлыс билік иелері мен қатұндардың бейнелерін сызған миниатюралар Рашид – ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасында молынан кездеседі.
Бұл ретте Рашид ад-дин «Жамиғ ат-тауарих» туындысына деп саналатын «Baysungur albumu» аталатын қолжазба кітабындағы парсы миниатюраларындағы Ұлық ұлыс хандары миниатюраларынан үлкейтілген сызба өлшемінде беріп отырмыз. Түпнұсқасы Түркия, Стамбұл қаласы Топқапы сарай музейі архивінде сақтаулы. (Istanbul, Topkapı sarayı müzesi kütüphanesi, №2152-43а).
Ғылыми әдебиет
1. Topkapı Sarayı Müzesi İslam minyatürleri. Filiz Çağman, Zeren Tanındı. -İstanbul, 1979.- 1547
2. Dschingis khan und seine Erben. Das Weltreich der Mongolen. Kunst und Ausstellungshalle der Bundesrepublik Deutchland, Bonn, Staatsliches für Volkerkunde München, 2006.-432.
3. Абусеитова М.Х., Додхудоева Л.Н. Қазақстан тарихы шығыс миниатюраларында. - Алматы: Дайк-Пресс, 2010.
4. Togan Zeki Velidi On the Miniaturies in Istanbul Libraries.- Istanbul, 1963. 59-60
5. Sertkaya O.F. Timurlu seçeresi // Islam devrenin uygur hatfli eserlerine toplu bir bakış. - Bochum, 1977. s.8-9.
6. Sertkaya O.F. Timurlu şeceresi (Topkapı sarayı müzesi, Hazine, 2152, v.32-43). -Istanbul, 1981. Ayrı baskı. - 242-259.
7. Базылхан Н. Жошы, Бату, Өзбек хандарының шығыс минитюралары // «Шығыс» ғылыми басылым, 2006.- №1. - С. 51-54.
Bazilhan Napil Miniatures of the Mongolian khans at Topkapy Saray museum in theIstanbul// International conference “History and Tradition of Mongolian Statehood dedicated to the 800th anniversary ofGreatMongolianState” . Abstracts of Paper. June 29-30, 2006.-Ulaanbaatar,Mongolia. pp. 61
Пікір қалдыру