Тоқтамыс ханның (1376-1407 жж.) елшілік белгішесі

Жалпы мәлімет

Елшілік белгісі күмістен жасалған. Өлшемі: 15,9 х 5,3х 0,75 см. Салмағы- 449,2 гр.   Мәтін  белгішенің бет тұсында екі жол, артқы бетінде екі жол барлығы төрт жол ұйғыр бітік жазуымен көне моңғол тілінде жазылған.

Ресейдің Астрахань  облысы  Красный-яр ауылынан 1990 жылдары табылған. Жеке тұлғаның коллекциясында сақтаулы.

Ғылыми зерттеулер

Р.Ю. Раев, В.А. Беляев алғаш зерттеген.

Ғылыми әдебиет

Раев Р.Ю., Беляев В.А. Две серебряные золотоордынские пайцзы с уйгуро-монгольскими надписями // Золотоордынская цивилизация. 2017. №10.С.25-37.

Мәтін

Моңғол тіліндегі мәтін транскрипциясы

Қазақша сөзбе-сөз аудармасы

       Бет жағы

1

Möŋke Teŋgeri-yin küçün-dür

Мәңгі Тәңрiнiң  күшi-дүр!

2

Yeke suu zali-yi igegün-dur

Ұлы сұсты жалынды киесі-дүр!

        Артқы беті

3

Toqtamış qağan-u zarlığ  ken ülü

Тоқтамыс қағанның жарлығы!. Кім еш

4

bisirekü, kümün  aldaqu, ükükü

табыну, кiсi алдыртса, өлтiрiлмек (кiмде кім табынбаса, ол  жазаланбақ, өлтiрiлмек)

Пікір қалдыру