Чымтай ханның (1368-1374, 1379-1395 жж.) елшілік белгішесі

Жалпы мәлімет

Елшілік белгісі күмістен жасалған. Өлшемі: 16,8 х 4,8х 0,8 см. Салмағы- 440,46 гр.   Мәтін  белгішенің бет тұсында екі жол, артқы бетінде екі жол барлығы төрт жол ұйғыр бітік жазуымен көне моңғол тілінде жазылған.

Ресейдің Астрахань  облысы  Красный-яр ауылынан  1990 жылдары табылған екен.  Жеке тұлғаның коллекциясында сақтаулы.

Ғылыми зерттеулер

Р.Ю. Раев, В.А.  Беляев алғаш зерттеген.

Ғылыми әдебиет

Раев Р.Ю., Беляев В.А. Две серебряные золотоордынские пайцзы с уйгуро-монгольскими надписями // Золотоордынская цивилизация. 2017. №10.С.25-37.

Мәтін

Моңғол тіліндегі мәтін транскрипциясы

Қазақша сөзбе-сөз аудармасы

       Бет жағы

1.     

Möŋke Teŋgeri-yin küçün-dür

Мәңгі Тәңрiнiң  күшi-дүр!

2.     

Yeke suu zali-yi igegün-dur

Ұлы сұсты жалынды киесі-дүр!

        Артқы беті

3.     

Çımtay-ın zarlığ  ken ülü

Чымтайдың жарлығы!. Кім еш

4.

bisirekü, kümün  aldaqu, ükükü

табыну, кiсi алдыртса, өлтiрiлмек (кiмде кім табынбаса, ол  жзаланбақ, өлтiрiлмек)

Пікір қалдыру