Түрк Елі билік жүйесінің әскери-саяси атақтары

Жалпы мәлімет


Түрк Елі билік жүйесінің әскери-саяси  атақтары

Көне түрктерде ру-тайпалық, одақтық, этносаяси бірлестіктерді, Елді басқару қоғамдық саяси құрылымында  қатаң тәртіпті ережелерге негізделген билік жүйесі және оған лайықты арнайы атақтары болды. Ол жүйе жайында және лауазымды атақ  атаулары көне түрк бітіктас мәтіндерінде молынан кездеседі. Көне түрк  қоғамының саяси құрылымын зерттеуде аталмыш атақтарды талдау өте маңызды. Бұл атақтардың билік жүйедегі орны, қызметі,  мән-мағынасы, олардың тарихи даму барысы секілді мәселелер жайында бірлі-жарым зерттеулер, алуан түрлі пікірлер бар. Алайда аталмыш атақтардың саяси-әлеуметтік, тіпті де сол замандардағы түрк қоғамындағы нақты орны, қызметі, ру-тайпалық, одақтық, этносаяси бірлестік,  этносаяси-әскери дәрежелік ерекшеліктері және басқа  көптеген  жайттары толыққанды зерттелді  деуге болмайды (Батсүрэн, 2009.176). 

NGQ     Qaγan > қағанКөшпелілер қоғамындағы әскери-саяси биліктің дара иесі, ең жоғары лауазым атағы. Қаған - Көк Тәңірінің елшісі, оның құт берекесі әрі киесі. Демек қағанның бұйрығы мен жарлығы, оның шешімдері бұлтартпастай орындауға тиісті міндетті істер, Тәңірі елшісінің үкімі деген сөз. Барлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерді басқарушы, оларға бұйрық жарлықтарды беруші жалғыз тұлға - қаған.  Көшпелі этностардың ең шағын рудан бастап үлкен тайпа, ірі-ірі одақтар көсемдерінің ұлығы, хандардың ханы. Қаған – Түрк Елін біріктірушісі, басқарушысы, дара билік иесі. Ол төрелік-биліктің тұтқасы, бұйрықтың, саяси көрегендіктің  ең ұлық иесі.

Қағанның тікелей билігінде ič > іч деп аталатын орталық қанат болды және «іч, төлес, тардұш» үш қанатты қаған өзінің йабғұ, шад, тархан, бұйрық, тегін бектері арқылы басқарды.  Аталмыш сөздің түп негізі  әуелі  *qan > хан деп аталды, одан  *qan +*qan «хан-хан»  деп атала келе  > qanqan > qaŋgan > qaγan> қаған -  «хан-хан, хандардың ханы, қаған»  болып өзгерді. Бұл сөздің басқа бір байырғы  нұсқасы   «šaŋ+ju» еді.  

Қағандық мұрагерлік жолмен ұласады. Қағанның ұлдарын мұрагер ретінде tegin> тегін (ханзада) деп атады. Қағанның зайыбы qatun > қатұн аталды.  Қағанның қыздарын qïz> қыз, ал шетелдік кепілдік қыздары   qunčuy // küŋčüi > құнчұй / күңчүй деп аталды. 

Қаған атану деген кіші қандарды яғни тайпа, одақ, ұлыстардың билік иелерін бір ғана билікке бағындыру, оларды өз төрелігіне мойынсындырып көндіру деген сөз.  Қағанның арнайы  билік рәміздері  – бес сайлы бөрік,  құс бейнелі алтын тәж, алтын мөр-таңба, бөрі басты ту-байрақ, алтын киіз үй, алтынмен апталып , күміспен көмкерілген  зат бұйымдары болды. Тегіндердің, әскери қолбасшылардың лауазымдық дәрежесіне байланысты  құс бейнелі  этносимволдық белгілері болғандығын  археологиялық деректер растайды.  


srtl-  Elteris > Елтеріс. «Елді теруші, елді жинаушы» деген мағынадағы ырым жосындық атақ.

NGQ srtl- Elteris  qaγan > Елтеріс қаған.  Өз аты Құтлұқ. Білге қаған, Күлтегіннің әкесі қаған тағына осы атақпен отырған.

NUTQ aglib l Elbilge  qatun>  Елбілге қатұн. «Елдің білікті қатыны, елдің дана анасы». Елтеріс қағанның зайыбының аты. Білге қаған, Күлтегіннің  шешесі.  

urut l  - El törü > Ел төрү. «Ел төрелігі, төрелік билігі, заңды ережелі билігі».

rbtl Elteber > елтебер. Түрктердің бағындырып алған ел жұртты билеушісі, қағанның арнайы өкілінің лауазымдық атағы.  Көне түрк тілінде    El+ teb + er  > Elteber  / ( El (ел) + teb («тепкілеу»)+ er (-ер)/  құрамды,  «мемлекеттік істі жүргізуші, мемлекеттік биліктің арнайы өкілі, елдестірушісі» деген сөз. 

Az Elteber >  аз елтебер. «Аз одағының  елшілік өкілі».

Uyγur Elteber  > ұйғұр елтебер. «Ұйғыр одағының елшілік өкілі».       

Tuyγun  El teber > тұйғұн елтебер. «Тұйғындардың елшілік өкілі».

Qarluq Elteber > қарлұқ елтебер. «Қарлықтардың елшілік өкілі».

        

          Nigt RUC l  -  El Čur tegin > Ел чұр тегін. «Ел  чұр тегін» лауазымдық атақ.

         NGQ aglib Ymtl      El Etmiš  Bilge  qaγan >  Ел етміш Білге қаған. Қағандық атағы: Teŋride bolmuš  El Etmiš  Bilge qaγan > Тәңіріден болған Ел етміш  Білге қаған . Өз аты: Баянчұр (Мойынчұр).

UGBJ Ymtl -  El Etmiš yabγu >  Ел етміш йабғұ.  Қытай деректерінде «Дуси-фу  // Досу-по» деп кездеседі. Ел Етміш Йабғұның   өз аты. Дәлірек  айтқанда, «Атачым // «Tačam beg? // Тачам ? » деп жорамалданады. Елтерiс, Қапаған, Білге  қағандар дәуірінде  шад атағына ие болған  Ел етмiш Йабғұға  арналып ұлы Есбара Тамған Чұр Йоға,  екінші ұлы  Бiлге Есбара Тамған Тархан тарапынан ұлу жылы яғни 716 ( немесе -728?) жылы ғұрпытық кешен орнатылған. 

xTT NGUT lEl Tuγun Tutuq > Ел Тұғұн тұтұқ. «Ел тұғын  тұтық» лауазымдық атақ.

            NUTQ  - Qatun> қатұн.  Қағанның  әйелі осылай аталады. Бітіктастарда   Elbilge qatun > Елдің білікті қатұны  деген атақ бар.  Осы орайда  ерекше айтарымыз, көне түрктердің билігінде   «қаған фракциясы, қатын фракциясы; дуальдық билік, ашина-ашиде» деген сияқты жөн-жосықсыз жалған, жасанды пікірлер бар[1]. Көне түрктерде «қатын фракциясы» түгіл, қатын, әйел билігі  әскери-саяси қатаң билікте орын алған емес. Ол «қатын фракциясы»  жайында ешбір тарих деректер хатталмаған, тіптен жоқ. 

ngit - Tegin> тегін.   Қаған әулетінің ұлдары, тақ мұрагерлері. Көне түркше teg+in > «текті ұрпақ, тегі мықты адам» деген сөз.  Қаған тағына әулеттің ішінен ең мықты тұңғыш ұлы /oγul/  немесе іні туыстары  /ini, jigen, čїqan /  отырған. Көне түрк бітіктастарда   Kültegin > Күлтегін,  Yoluγtegin > Йолұғтегін, Ozmïš tegin > Озмыш тегін, El Čur  tegin > Ел чұр тегін , Toŋra tegin > Тонра тегін   деп кездеседі. Бұл тегіндердің барлығы қаған әулетінен. Тегіндер қағанның заңды мұрагері ретінде йабғұ, шадтармен бірге жорыққа қатысу, әскери-саяси әрекеттерге тікелей араласу  және т.б. істерді атқарған.  Көне моңғол тілінде  čigin > чигин //жигин тұлғасында сақталынған, Börü+tegin > Böritіgin > Boržiγin - Бөрітегін > Боржығын /Боржигин/  деп кездеседі.  Шыңғыс қағанның арғы аталарының аты да  тегіндермен байланысты аталған. 

ziQ  Qïz> кыз.  Қаған әулетінің  қыздары.

JWUx  Qunčuy//  küŋčüi>  құнчұй ( ханшайым).   Қытай тілінде  gongzhu > гүнж деген сөз. Қағанға немесе қаған әулетіне жат елден әсіресе қыталықтардан берілген қыз-қырқындарды осылай атаған. Қытайлықтар көшпелілерге патшаның қыз-қырқындары бейбіт келісім үшін, соғыс болдырмау мақсатында кепілдікке беріп үйренген еді. «Диуани лугат-т түрк»  (X ғ.) сөздігінде qunčuy – қатұннан бір дәреже төмеңгі ханшайым қыздар,   qatun qunčuy  - қатұн құнчұй  деп кездеседі [Divanü luğat-іt Türk-2. 1985. 240].

irub - Börü > бөрү   Қағанды, оның ордасын, қағандық биліктің жоғары лауазымды билік иелерін йабғұ, шад, тархан, бұйрық, тегіндерді қорғаушы толық қаруланған арнайы қару-жарақтары  бар, оларды күні-түні күзетуші әскери жасақтардың жауынгерлерін   «бөрі (қасқыр)»  деп атаған.  

UGBJ - Yabγu>йабгұ  // чабғұ.   Көне түрк тілінде  yabγu// čabγu > йабғұ// чабғұ // жабғұ [Бабаяров, 2007.28].  Аталмыш сөздің түп төркіні анық емес. Алайда, көне түрк тілінде  yap-// jap- түбірлі  1. «жасау, істеу, орындау», 2. «жақындау, көмектесу»  деген семантикалық арнасымен қарастырсақ    йабғұ-  деген  «қағанның орынбасары, қағанның көмекшісі» деген мағыналы болмақ.   Олай болса, Түрк империясының қағаннан кейінгі билікті  йабғұ білген, қаған әр түрлі себептермен қайтыс болса оның билігін тұп-тұра  йабғұ қолына алу міндетті қаған әулетінің тұлғасы. Қағанның билігі кезінде екі йабғұ töles yabγu > төлес йабғұ,  tarduš yabγu> тардуш йабғұ  болды, олар «төлес, тардұш» деген әр бірі 300 мың атты  екі қанатты  шад, апыт, тархан, бектер арқылы  биледі. 

Кейбір зерттеушілер  төлес  деген  оң қанат, тардұш деген сол қанат,  ал йабғұ деген  (Э.Шаванн. А.Н. Бернштам) « оң қанаттың қағаны» деп қарастырады. 

Махмұд Қашғаридың  «Диуани лугат-т түрк»  сөздігінде  yafgu> « қара бұхарадан шыққан қағаннан екі дәреже төмеңгі адамға берілетін атақ» делінген [Divanü lugat-it-Türk-3, 1985.32].

            DY - Šad> шад.  Көне түрк тілінде šad // čad > шад //чад. Зерттеушілер соғды тілінің мағынасы белгісіз  xsyd> деген сөзден  туындаған дейді [ДТС, 1969].   Бұл сөз көне түрк, моңғол тілдеріндегі  šat-// šit-// - түбірлі «1. саты, жоғары өрлеу, биік, дәреже, 2. көмекші, жақын сенімді »   деген сөздерімен байланысты.  Моңғол тілінде «šidar> шадар»  уәзір, көмекші деген тұлғасында сақталынған.

Демке шад деген қағаннан кейінгі үшінші жоғары билік иесі,   қаған, йабғұдың ең жақын көмекші нөкерлері болады.

            Білге қаған бітіктасында : «törüt: yegirmi: yašïmqa: Tarduš:budun: öze:šad olurtum: .  inim Kültegin eki šad: birle:sözlešdimiz –  14 жасымда тардұш қанатына шад болып билік еттім,  інім Күлтегінмен бірге екі шад сөзге  бекістік» дегенге қарағанда Білге, Күлтегін  екеуі де шад болғандығы аңғарылады.

            ap   - Apa // apї >  апа// апы.    Көне түрк тілінде   apa// apї  - апа//апы  «1. жасы үлкен, қарт  тәжірибелі, көпті көрген қария, 2. үлкен, ірі, абажадай 3.  аю   »  деген сөздер бар.   apa+t// apї+t- апат, апыт  көптік тұлғасында айтылғаны.  Түрк империясының шадтардың кеңесші ақсақал әскери қызметкерлерді  осылай атаған. 

            NQRT - Tarqan> тархан.  Көне түрк тілінде   tar- « тарату, таралу, бос болу»  деген мағыналы түбірге    tar+qa+n> tarqan   яғни    « еркі құқығы зор  тұлға» ,  көне моңғол тілінде  tar-// dar- > darqa, darqan,  darqalaqu-  «ерікті,  қорғалған, қорғаулы тиісті, қорғауға алынған»    деген мағыналы сөздермен тікелей байланысты қалптасқан атақ  [Базылхан, 2000.6].  Сонымен қатар моңғолша  targan> тарган «семіз, толық»  деген сөзбен де қатысты атау болмақ.  Аталмыш сөздердің семантикасымен қарастырсақ тархан деген «ешкім  тисуге болмайтын, ерікті де құқықты» әскери қолбасшылар, саяси әкімшіліктегі ерекше қызметтердегі басшыларды осылай атады. Бітіктастарда tarqat:bujruq:begler – тархат (тархандар), бұйрық бектер деп кездеседі. 

Boyla Baγa Tarqan  > Бойла баға тархан. « Барлық ру тайпа тарханы».   Осындай  атақ  данышпан «Bilge Tuñuquq> Білге  Тұнықұққа берілген еді.  

Apa Tarqan > Апа тархан.  «Үлкен (абажадай) тархан»  .

Ïnanču apa Yarγan Tarqan > Ынанчұ Апа йарған тархан. «Сенімді (нанымды)  үлкен  йарган (жарлықты) тархан»

Ïnanču Alïp Tarqan > Ынанчұ алып тархан. «Сенімді (нанымды) алып тархан»

Uluγ Tarqan > Ұлық тархан. «Ұлық тархан»

Kül Tarqan > Күл тархан.  «Атақты ( ат көлікке мықты)  тархан»  

Tamγan Tarqan > Тамған тархан.  «Таңбалы тархан»

Altun Tamγan Tarqan >  Алтұн тамған тархан.  «Алтын  таңбалы тархан»

Isbara Tarqan > Ысбара /Сабыра?/ тархан.  «Жүректі  тархан»

Bilge Isbara  Tamγan Tarqan > Білге ысбара тамған тархан. «Білікті жүректі таңбалы тархан»

Оγul Тarqan >   Оғұл тархан. «Оғлан тархан»

Onγï  Тarqan  >  Онғы /Ұңғы?/тархан. «Терең тархан»

            Ел етміш Білге қағанның бітіктасында :

Altpïs buyruq bašï  Ïnanču Baγa Tarqan > Алтпыс бұйрұқ  башы  Ынанчұ баға тархан. «Алтпыс бұйрық басы сенімді ру-тайпалар /кіші/ тарханы»

Toquz jüz er  bašï  Tоjqan  Baγa Tarqan > Тоқұз  йүз ер башы Тойкан Баға тархан. «Тоғыз жүз батыр-ер басы тойқан ру-тайпалар /кіші/  тарханы». 

Qutluγ Tarqan > Құтлұқ тархан . «Құтты тархан »

Qutluγ Baγa Tarqan > Құтлұқ баға тархан. «Құтты ру-тайпалар /кіші/ тарханы»

Bayïrqu  Tarduš Bilge Tarqan > Байырқұ  тардұш Білге  тархан. «Байырқұдың  тардұш қанаты білікті тархан» 

Іš barïš  Tarqad > Ышбарыш тархад. «Ышбарыш (қорықпас) тархандар»

Čabïš Tun tarqan >  Чабыш тұн тархан.  «Шешен  тұңғыш тархан»

Beg Tarqan > Бек тархан. «Бек  тархан»

            xRJUB  Buyruq> бұйрұқ   Көне түірк тілінде  buy- , buyu-  «бұйыр-,бұйрық беру» деген түбірден туындаған. Тарханжардың  «бұйрықтарын мүлт еткізбей орындайтын әскери атақты» билік иелері.  Басқаша айтқанда қаған, йабғұ, шад, апыт, тархандардан кейінгі әскери-саяси билік жүйесінің атағы.

Ič Buyruq >   Іч бұйрұқ. «Ішкі ордалық бұйрық»

Toquz Buyruq > Тоқұз бұйрұқ. «Тоғыз бұйрұқ»

Altmïs Bujruq Bašï >  Алтмыш бұйрұқ башы. «Алтпыс бұйрық басы»

Aqunčï  Buyruq > Ақұнчы бұйрұқ. «Алғашқы жасақтар   бұйрығы»

Öge Buyruq > Өге бұйрұқ. «Ақылды бұйрық»

RUC  - Čur> чұр.  Көне түрк тілінде  čur- // čura – түбірлі  « алысқа ату, садақпен ату, мерген атқыш»  деген мағыналы čur- [Базылхан, 1979. 7.] , čurа- čuram [ДТС,1969.157]  деген сөз.   Бұл атақ осы сөздердің семантикасымен байланысты болу керек. Қазіргі қырғыз тілінде бұл атау šora /шора/ тұлғасында сақталынған.

Осындай атақты әскери лауазымды тұлға қағанның әскери бұйрықтарын қалт еткізбей орындайтын,  жорық соғысқа тікелей  басшылық етіп қатысатын, соғыстың барлық  тактикаларын жетік меңгерген,  қару-жарақтары мен ат-көліктері толық дайындалған  тұрақты әскери жасақтарды басқарады.  

Küli Čur > Күлі Чұр.  «Атақты (атқа мықты көлікті) чұр» 

Uluγ Küli Čur >  Ұлық  Күлі Чұр. «Ұлық  көлікті  чұр»

Tarduš Küli Čur >  Тардұш Күлі Чұр. «Тардұштың көлікті чұры »

Išbara  Čїqan Küli Čur > Ышбара /Сабыра?/ Чықан Күлі Чұр. «Жүректі  жиен көлікті чұр»

Ïšbara Bilge Küli Čur > Ышбара Білге Күлі Чұр. «Жүректі білікті көлікті чұр»

Tarduš Ïnanču Čur > Тардұш Ынанчұ Чұр. «Тардұштың сенімді чұры»

Isbara Tamγan Čur> Ысбара Тамған Чұр. «Жүректі таңбалы  чұр»

Ay Čur> Айчұр. «Ай чұр»

Beg  Čur  > Бег чұр. « Бек чұр»

Beŋü  Čur > Беңү чұр. «Мәңгі  чұр»

Bilge Čur> Білге чұр. «Білікті  чұр»

Biŋ  Čur   > Бің чұр.  «Мың чұр»

El Čur > Ел чұр тегін. «Ел  чұр тегін»

En Elig Čur > Ен Елиг чұр. «Ен елу чұр»

Jegen Čur> Йеген чұр. «Жиен чұр»

Külüg Čur> Күлүг  чұр. «Көлік  чұр»

Oγlan Čur > Оғлан чұр. «Оғлан  чұр».

Qara Čur > Кара  чұр. «Қара чұр»

Qumar Čur> Құмар чұр. «Құмар  чұр»

Qut Čur  > Құт чұр. «Құт  чұр»

Sü Čur > Сү  чұр. «Сүңгілі (әскер, жауынгер) чұр»

Tadqïs Čur> Тадқыш чұр. «Тадкыш  чұр»

Yaγïz Čur > Йагыз чұр. «Жауыз (қоңыр) чұр» 

            NDUT  - Tudun > тұдұн.   Көне түрк тілінде  tut-, tud-  «тұту, ұстау» деген мағыналы түбірден  туындаған Tut+ un // on > Tutun // Tudun   « ру тайпаларды билеуші» деген сөз.  Қағандық әскери-саяси билігінде ру тайпаларды билеуші ретінде тағайындаған әскери атақты тұлғалар.

Tekeš / Šanaš ?/ Kül Tudun > Текеш /Шанаш?/ Күл тұдұн. «Текеш /Шанаш/ көлікті   тұдын»

Yamtar Tudun > Йамтар тудун. «Йамтар тұдын» 

            xTUT - Tutuq > тұтұк.    Көне түрк тілінде  tut-, tud-  «тұту, ұстау» деген мағыналы түбірден  туындаған Tut+ uq // oq > Tutuq   тұлғалы  «руды билеуші, ру басы» деген сөз. Uq // oq –  көне түрк тілінде «ру, әулет, сүйек туыстар»,   oγuš > оғұш  «рулар, тайпалар» деген сөз.   Түрк әскери қанаттарының ең кіші бірлігі ондықты  билеуші онбасы.

Čigil Tutuq > Чігіл тұтұқ. «Чігіл тұтық» 

Qošu Tutuq > Қошу тұтұк. «Қошу тұтық»

Tay Вilge  Tutuq: > Тай білге  тұтұқ. «Тай білікті  тұтық»

El Tuγun Tutuq > Ел Тұғұн тұтұқ. «Ел тұғын  тұтық»

Küni Tіrіg Külüg  Tutuq > Күні Тіріг Күлүг тұтұқ. «Күні тіріг көлікті  тұтық» 

Kül Čeküŋ Tutuq > Күл Чекүң тұтұқ.. «Хүлэг чекүн тұтық» 

Alïp Tutuq > Алып тұтұқ.. «Алып тұтық» 

Ögüne Tutuq > Өгүне тұтұқ..  «Өгүнэ  тұтық»  

Töleš alïp Tutuq > Төлес алып тұтұқ..  «Төлестің  алып   тұтығы»   

Töleš bilge Tutuq beg > Төлес білге тұтұқ.  бег.  «Төлестің  білікті тұтық бегі» 

Tabγač on tutuq >Табгач он тұтұқ. . «Табғаштың  он тұтығы »  

            iYB us   - Sü basï > сү башы .    Түрк  бітік тілінде  sü > сү « толық ауыр  қаруланған жаяу және атты әскер» .  Әскери қанат, жасақтардың қолбасшысы , жорықтарды басқарушы  sü basï > сүбашы – «әскер басы» деп аталды.

Sü basï Inel qaγan > Сү башы Інел қаған. «Әскер басы Інэл қаған» 

r  -  Еr > ер.  «батыр, ер». Соғыс, жорықтарда қаруланған әскери адам.  Көне түрктерде  13 жасынан әскери жасақ құрамында жорықтарға қатыса бастаған. Мысалы, Күлтегін 16 жасында  «ер атанып» соғдыларға , қытайларға қарсы соғыста ерлігімен көріне бастаған.

             Töles Külüg Еr >Төлес күлүг ер. «Төлестің көлікті  батыры (ері)»   

         aGB   Baγa > Баға. «Кіші, кішігірім». Көне моңғол тілінде baγ-a > баға «кіші, ұсақ, кішкентай» мағынасында сақталынған.

Baγa Teŋіriken еjen > Баға Тәңірікен ейен. «Кіші Тәңірікен ие»?. 

niKr- (Erіk+ in > Erkin)  Erkin> еркін      (Erіk+ ( ерікті ) + in (кісі, тұлға)  « мемлекеттік іске өз еркімен, ру тайпалардан  шыққан ерікті қызметкер тұлға» .

Sebeg Kül Erkin >  Себег күл еркін. «Себек  көлікті  еркін»  

jegen Butur Erkin >  Йеген бұтұр еркін. «Жиен  Бұтыр еркін» 

Tun jegen Erkin>  Тұн йеген еркін. «Тұңғыш  жиен  еркін» 

Еsir Erkin >  Есір еркін. «Есір  еркін»      

            NQiC  - Čiqan > чыкан.   Көне түрк тілінде  jigen// čiqan  тұлғасында кездеседі.  Моңғолша  «zege > жиен»  тұлғасында сақталынған. 

Čїqan Toňuquq > Чықан Тұңықұқ. «Жиен Тұңықұқ.»,

Apa tarqan Čїqan Toňuquq  > Апа тархан Чықан Тұңықұқ. «Үлкен тархан жиен Тұңықұқ».

UCWNi  - Ïnanču> ынанчұ.     Көне түрк тілінде   ïnan- « нану, сену» + ču «-шы»  құрамды сөз .  Қағанның ең сенімді билік иелеріне берілетін  арнайы атақ.

Kül Oŋï Öz  Ïnanču >  Күл Оңы  Өз Ынанчұ. «Көлікті Ұңғы  өзі сенімді,

Uluγ Öz  Ïnanču >  Ұлық  Өз Ынанчұ. «Ұлық өз сенімді».

grt - Tirig //Terek > тіріг//терек.    Енисей  бітіктастары мен ескерткіштерінде көп кездесетін атақ. . Көне түркше  tirig //terek   «1. тірек, тұғыр, 2. шұғыл, шапшаң»   деген сөздерімен байланысты болу керек. 

Öge Tirig >  Өге Тіріг. «Ақылды тірек», Kök Terek>  Көк Терек.  «Көк тірек», Arslan Külüg Tirig  >  Арслан Күлүг Тіріг. «Арыстан көлікті тірек»  .

            iCGmT-    Tamγačï > тамғачы.      Көне түрк тілінде  tap-//tab-//tam-  түбірден   «таптау, соғу, таб қалдыру, тамызу»   деген мағыналы түбір  сөзден  tam+γa  - «таңба, белгі»     сөзі туындаған.  Көне түрк қағандардың алтынмен апталып, күміспен көмкерілген түрк бітік жазулы таңбалары болды. Осы таңбаларды сақтаушыны  tamγačï  «таңбашы»  деген.  

Maqrač tamγačï >  Макрач тамғачы. «Макрач таңбашы» ,  Oγuz Bilge tamγačï >  Оғұз Білге тамғачы. «Оғұздың білікті таңбашы».

  iCgtib -   Bitikči> Бітікчі.    Көне түрк дәуірінде қаған ордасында түрк бітік жазуын жетік меңгерген хаткерлік көмекшісі, іс қағаздарды жүргізуші тұлғасы.

iCGUT -   Tuγčï   > тұғчы.    Көне түрктердің дәстүрінде ұзын сүңгі іспетті найзаларына жылқының құйрығынан tuγ > ту   қадап жүрді.   Сондай-ақ ондық, жүздік, мыңдық әскери жасақтарда тиісті түсті матадан жасалынған  байрақ туды тағы осылай атаған.  Tuγčï   > тұғшы- тушы   дегеніміз соғыс, жорықтарда  жасақтардың іс қимылдарын көрсетіп жүретін әскери қызметкер.

iCUGRUB -    Burγučï> бұргұчы.   Көне түрк тілінде  bur-// bür – түбірлі    burγu- +  čï   «кернейші»  деген сөз.  Соғыс, жорық кезінде  әскери іс-әрекеттерді реттеуші жауынгер.

            gruK   - Körüg > көрүг.  Көне түрк тілінде  kör- «көру, қарау, бақылау»  деген мағыналы түбірден   туындаған «көруші, бақылаушы, тыншы»  деген сөз. Әскери қанаттардың тыншылыққа жіберілетін арнайы жасақтардың жауынгерлері осылайша аталды.   

            gb - Beg > бек. Көне түрк тілінде  beg > бег // бек  « бек мықты, жақсы текті » деген сөз.  Әскери-саяси билік иелерін  және жалпы мемлекеттік барлық шеңділерді осылай атаған.

NpQiRUQ   - Qurïqpan > Құрықпан.  Көне түрк тілінде  qurï - «артық, кейінгі» деген мағыналы qurï +q+pan  > qurïqpan  «артқы, батыс тараптағы билік өкілі»  деген мағыналы болу керек. Мұның нақтылы қызметі, мағынасы әлі де анық емес. 

              nuys  -    Seŋün> сеңүн     Қытай тілінде   «jiangjiun»  деген лауазымның түркше атылуы..  Моңғол тілінде  «seŋgün»,  және қытайша айтылуы  бойынша «жанжун//жанжин»  деп сақталынған [Шинэхүү, 1975.132-133].  Түрктер мен басқа да көшпелі этностардан қытайлықтарға бағынған және «қытайлықтардың паралап сатып алған», олардың жағында қызмет еткендерге берілген атақ. Бұл атақтар көне түрктерден басқа ұлттардың әскери шеңділерінде жиі кездеседі.

            Uquγ Seŋün > Ұқұғ  сеңүн, Udur Seŋün > Ұдұр сеңүн, Tay Seŋün > Тай сеңүн, Qunï Seŋün > Құны сеңүн, Toŋra Sem > Тоңыра сеңүн, Čača Seŋün> Чача сеңүн, Bilge  Taj Seŋün> Білге тай  сеңүн, Čеŋ Seŋün> Чең сеңүн.

            NGRJ -    Yarγan>йарған. «Йарған» лауазымдық атақ.

            UyRU -    Uruŋu >ұрұңұ. «Ұрыңұ» лауазымдық атақ.

                         Uluγ Uruŋu > ұлұғ ұрұңұ. «Ұлы ұрыңұ» лауазымдық атақ.




Пікір қалдыру