Түрк елі билік жүйесінің әскери-саяси құрылымы

Жалпы мәлімет

Түрк елі билік жүйесінің  әскери-саяси құрылымы

Көне түрктерде мемлекеттік істерді басқару механизмі - әскери-саяси құрылымды болды. Басқаша айтқанда, түрктердің  қоғамдық құрылымы әскери-саяси негізде жасақталынған, соны қоғамда негізгі тұғыр еткен деген сөз. Жорықтар мен шабуылдарға еркек кіндіктінің барлығы қатысқан. Әйел заты соғысқа, жорыққа қаруланып қатысқан емес, тіпті қылыш, пышақ қолына алған емес. Бұл көне түрк қоғамының «патриархальдық» ерекше болмысы, табиғи заңдылығы еді.  Сол себептен, белгілі бір отбасының бастапқы ұйытқысы еркек кіндікті болды, сөйтіп ол  әулеттің, рудың, тайпаның, одақтың  атасы, қасиетті шаңырағы аталды. Түрк қоғамында ер атаулы  «тал бесіктен тас үйінді «бесігіне» дейін» жауынгерлік рухпен тәрбиеленді, елді, жерді, туған жұртын қорғауды ең негізгі мақсат тұтты, бір сөзбен, көне түрктер асқан батырлық пен ерлікті мадақ тұтып ат жалында, қару-жарағымен ұдайы жорықтармен өмір кешті,  бүкіл қоғам қашанда әскери дайындақта, әскери өнірін күн сайын дамытып тіршілік етіп жатты. Өйткені,  қара құрттай қаптаған қалың қытайлықтардың шабуылына тойтарыс беру, ата жауымен ұдайы соғысу үрдістері толастаған емес еді. Бұл саяси жағдай көне түрктердің әскери өнерінің дамуына қатты әсер етті. Сөйтіп, Евразияны   дүр сілкіндірген жорық шабуылдарды іске асырғандар көне түрктер болды, олардың әскери-саяси берік мықты құрылымы  аталмыш мақсатта ерекше қызмет атқарды. 

Кейбір отандық және шетелдік зерттеулерде көне түрік қоғамын «көшпелі феодализм, таптық қоғам, әскери демократиялық қоғам, патриархальдық қоғам, chiefdom, супер сложный вождество, кочевая община» деген сияқты анықтаған көзқарастар бар. Көне түріктердің қоғамдық құрылымы жайында бірсыпыра зерттеулердің ішінен екшеп айтармыз мыналар: А.Н. Бернштам  түрік қоғамын «ел, бұдұн, бағ, оқ (інійүгүн)» деген бірліктерден құралған және елді  қаған> йабғұ, шад >  тархан, бұйрұқ, тұтұқ > бағ> қара бұдұн дәрежелерде билеген, рулық, тайпалық құрылымды («таптық қоғамды») мемлекет деп таниды (Бернштам, 1946. 87-105). C.Г. Кляшторный  көне түрік қауымы -  «түрік қара қамағ бұдұн» (тюркский племенный союз), бод  (племен), огуш  (род)  құрамынан тұрады, олар бірігіп Ел (политически организован в эль – имперскую структуру)  болады дейді. (Кляшторный, 2003.467-471; Кляшторный, Султанов, 2003. 160). Моңғол ғалымы  Б.Батсүрэн  түрік қоғамын   аталық негізді ру, тайпа, одақ,  аймақтан құрылған үш сатылы қабаттан, атап айтқанда,  билік элитасы руының қабаты, аристократтар қабаты, ерікті мемлекет халқы (бұдұн) қабатынан тұрады деп қарастырады. (Батсүрэн, 2009. 120,166-177).


Көне түрктерде әскери-саяси құрылымының ең кіші бөлшегі «оқ» болып табылады. Онысы  «садақтың оғындай»  деген ырым-жосындық атаумен аталған.  Енді, біз көне түрк бітіктас мәтіндерінде кездесетін әскери-саяси құрылымдарға қатысты атауларды қарастырайық.   

x     -    oq > оқ  «оқ» деп «әулет, ру, сүйек туыс»  деген мағынада қолданған. Бұл атау түрк қоғамының ең кіші бөлігі руды атаған. «Үш оқ, он оқ» дегені үш, он рудан құрылған деген сөз. Oq > оқ  көне түрк этностарындағы рулық-тайпалық құрылымының ең кіші бірлік атауы. Батыс түрк қанатының On+Oq> Он Оқ  «он тайпалықтар» деген этноним де осындай қолданыстан туындаған. Сонымен қатар,  oq+uš > oγuš > оғұш - «туысқандар, руластар, тайпаластар» деген мәнде де айтылды.

zGU  - (oq+uz) >  oγuz > оғұз «оғыз». Түрк тектес көшпелі ру-тайпалардың жалпы аталымы, көптеген рулар, «оқтар», оғыздар деген мәнді сөз. Түрк тектес тайпалар одағының  жалпы атауы, этнополитоним. Сөздің шығу төркіні Oq +uz ( «оқ, жебе, садақ») +  (-uz: көптік жалғау)  > Oquz > oγuz > оғұз.  Оғыз сөзінің  семантикасы: «Оқ жебе, оқ-оқ болып құрылған тайпа, оқ тайпалықтар, оғыздар». 

Сөздің шығу төркінін «өгіз» (Л.Базин), «уыз» (П.Пеллио), «оқ-ұз (оқ-адам)» (И.Маркварт), «оқ+ұз (оқтар)», «оқ(ру, тайпа)+ұз (көптік мағыналы аффикс)», «оғ+ұз//оғ+ұр (о-: ұғымды, ақылды,ойлы)» және басқа да  тұлғасында қарастырған.  Ж. Хамилтон  «оғыз» атауы жайындағы бұрыңғы зерттеулерді тиянақтай келе,  *Oq -  Oγu –  «туу, төлдеу» , Oγu +l  // Oγul+an  « ұл,  ұлан» , Oγu+š > Oγuš  - оғұш «ру, тайпа»  деген сөздерге негіздеп,  қытай деректеріндегі «цзю+син» (тоғыз+тайпа) деп атағаны   Toquz Oγuš > Toquz Oγuz  «тоғыз тайпа». Олар әуелі телелердің  «uygur, buku, hun, bayarqu, tonra, sikir,kipi, ediz» сегіз тайпаларынан  қалыптасқан дейді (Hamilton, 1962. 23-63; Hamilton, 1997. 189, 195-196). 

Көне түрк бітіктастарда Оғыз атауы өте  жиі кездеседі. Атап айтқанда,  zGU  Oγuz – Оғыз,  NDUB zGU  Oγuz budun – Оғыз халқы, zGU qrut Türük Oγuz – Түрк Оғыз,  qrut zGU Oγuz Türük –Оғыз Түрк, zGU zxUT -Toquz Oγuz –Тоғыз Оғыз  (Ел етміш йабғұ («Онгин») , Күлтегін,  Білге қаған, Тұңықұқ бітіктастарында ), zGU zKs-   Segiz Oγuz  -Сегіз Оғыз (Ел етміш Білге қаған-I , Ел етміш Білге қаған-II) және басқа тұлғасында жазылған.

            Қазіргі Моңғолияның  орталық аймақтарында, әсіресе,  Орхон, Селеңгі, Туыл өзендері бойында ежелден  мекендеген түрк тілді  ең ірі тайпалар одақтары өздерін  «оғыздар» деп атаған. 

            Қытай жазбадарында Оғыз деп жазылғандығы қытай тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне байланысты анық-қанық емес. Ондай таңбалаулар болуы мүмкін дегендері   Wou-ho  // Wuhu > оғыз, Wou-hou // Wei-ho >  - Oγuz , Oγul , Oγuš,  Oγur,   Wou-kie /Уху, Оғыз? /  Hou-kie  /ухэ, оғыз?/  Wou-houan  /ухуань/,   Wei-ho >  вэйхэ- ұйғыр ,    деп қарастырады (Hamilton, 1997, 195-196).   

YGU - (oq+uš) > oγ> оғұш «оғыш», «рулар, тайпалар» деген мәнде қолданылды.

            GB -      baγ > бағ. «кішігірім құрылымды ру, баулы жұрт» деген мәнді. Енисей бітіктастарында жиі кездеседі.

NDUB  - (bod+un) > budun  > бұдұн.   Халық, ел, жұрт деген мағыналы сөз.  Бұл сөз  «бүтін, бой, толық, дене, тұлға, ірі кесек» деген мәнді boy-//bod -//bud-//büt- түбір морфемадан туындаған. Қазіргі қазақ тілінде «бой, бүтін, биік, бұдан-» тұлғасында ғана сақталынған.   Көне моңғол тілінде bütün>  бүтүн> бүтэн -  «толық, барлығы, бәрі, ірі», bodu> бодұ> бод - «үлкен, ірі, ірі қара мал» деген мағынада сақталынған.

 DUB  -  bod // bud > бод//бұд. « 1. ірі денелі, бойлы мал, 2. жан, пенде» деген мағыналы сөз. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл сөзді «ру, ұлыс» деп қате түсінген. 

 NDUB qrut - Türük budun >Түрк бұдұн. «Түрк бүтін//халқы». Бітіктас мәтіндерінде жиі қолданылады. Түрк халқы, барлық түрк елі деген сөз.

NDUB GmQ aRQ qrut  -   Türük qara qamaγ budun > Түрк қара қамағ бұдұн. «Түрк қалың (қара) бүткіл халық».

NDUB  YUDRT >   tarduš bodun //budun  >  тардұш бұдұн. Оң қанат халқы.

NDUB slut > töles  bodun //budun  > төлес бұдұн. Сол қанат халқы.

GLNGQ  -  qaγanlïγ > қағанлығ. «Қағандық».  Далалық көшпелі мемлекеттік билік жүйесіндегі қаған басқаратын құрылымы. «Teŋіri yarïlqaduq üčün   elligig  elsіretmis    qaγanlïγïγ  qaγansïratmïs -  Тәңірі жарылқадық үшін  Елдікті  елсіретті (елді санатына қосты)  қағандықты  қағансыратты (қаған санатына қосты )» деп кездеседі көне түрк бітіктас мәтіндерінде.

            l - El > ел. «Ел, мемлекет».  Түрктерде  ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктердің біртұтас  әскери-саяси  құрылымды және  оны билеген қағандық билік жүйелі  қоғамды осылай атаған.  Бұл қазіргі түсініктегі  «тәуелсіз республика, егеменді  мемлекет, империя» дегенмен ұқсас ұғым. Көне түрк бітіктас мәтіндерінде «elligig  elsіretmis»  деген тіркесі «ел мемлекетті орнаттық» деген мәнде айтылады.   

NDUB gll -  Ellig budun > Елліг бұдұн. «Елі, мемлекеті  бар халық» деген мағынада. 

il qrut - Türük Eli > Түрүк Елі. «Түрк Елі».  Түрк Елі   деген этносаяси атауы тоғыз оғұз, сегіз оғыз, үш оғыз, түргеш, қырқыз,  құрықан, отұз татар, қытан, татабы  тәрізді көшпелi этностарды бiрiктiрген империяның  ресми атауы.   Демек, түрүк елі //төрүк  елі дегенiмiз «төрелiк билiктi төрү (төре) заңы бар ел» деген  мағына білдіреді. 

Көшпелі ру-тайпа, этносаяси одақтар мен бірлестіктерді бір шаңыраққа бағындыру, оларды біртұтас етіп басқару, күнделікті қоғамдық өміріндегі  өзаралық алуан түрлі қарым-қатынастарды реттеу, бұйрық жарлықтарды жүзеге асыру,  сан-қилы күрделі істерді шұғыл да шапшаң, тиімді етіп шешуде  әскери-саяси құрылым  төтенше қызмет атқарды. 

Көне түрк елінің  әскери-саяси құрылымы Тәңірлік  үштік құрылым  негізінде реттелген.   Бұл түрктердің этномәдени үштік құрылым «Тәңірілік үшқыр»-дың айқын да анық дәлелі, осы дәстүр моңғолдарда «әлемді үштік» деп сақталынған. Демек үшке бөліну, үшке сайлау, үшпен есептеу көшпелілердің ежелгі дәстүрлі танымдық ерекшелігі.  Сондықтан осы үштік құрылым негізінде әскери-саяси билік  құрылымы түзелді, оған лайықты  атақтар жүйеленген.

Көне түрк қоғамының қағандық билік жүйесінде территориялық-әкімшілік құрылымдары  :


1

2

3

YUDRT > tarduš  /Тардұш

Ci > ič  / Іч

slut > töles  /Төлес


деген үш құрылым, үш қанатқа  бөлінді, сол негізінде басқарылды.  

            Көне түрк қоғамының қағандық биліктің  әскери  қанат, жасақтары : «10, 100, 1000, 10000, 100 000, 1 000 000» деген бірліктерден құралды.  Бұл ежелгі дәстүр бойынша 3+3-3+1 (10) деген ондық  бірлік бойынша түзеліп, одан ары  ұлғайып,  бұған «қосалқы ( әскерлердің қару-жарақтары, ат көліктері, азық-түліктерін қамтамасыз ететін) көмекші жасақтар» қосылып  біртұтас империяның армиясы жасақталынды.  Әскери қанаттар мен жасақтар мемлекетті қас жаулардың  әскерінен қорғау, жорық жасау, шекара аумақтарын қорғап сақтауда қағанның бұйрығымен бір адамдай әрекет жасады.   Бұл құрылымның ілкі бастауы: 3+3+3+1  (онбашы -ондық) =10  болды. Одан  30+30+30=90+9 (онбашы -ондық) = 99+1 (йүзбашы -жүздік)  =100, 300+300+300=900 +90 (қосалқы) =990+9 (йүзбашы -жүздік)  = 999+1 (біңбашы-мыңдық)  =1000 ,3000+3000+3000=9000+990 (қосалқы) =9990+9 біңбашы (мыңдық) =9999+1 түменбашы =10 000 , 30000+30000+30000=90000+9990 (қосалқы) = 99 990+9 (түменбашы) = 99 999 +1 сүбашы (әскери қолбасшы) =100  000, 300000+300000+300000=900000+99990 (қосалқы) =999990+9 = 999 999+ 1 қаған = 1 000  000   деген үштік құрылымға жетті (Кесте-1) .

            Қытайдың «Син Таншу» жылнамасында түрктердің әскерге жарамдылардың  саны 1 миллионға жетеді деген деректер бар (Қытай деректемелері, 4 . 151).


Кесте 1. Көне түрк елінің үш қанаттық әскери құрылымы  мен

Жасақтардың  сандық көрсеткіштері (жаңғыртпа)

Батыс

Орта-лық

Шығыс

Көмекші жасақтар

Билік бірлігі

Жасақ

саны

1.                 

3

3

3

1 тұтық

10

тұтық

тұтық

тұтық

onbašï

2.                 

30

30

30

9

тұдын

1 тұдын

100

тұдын

тұдын

тұдын

yüzbašï

3.                 

300

300

300

90

9  чұр

1 чұр

1000

чұр

чұр

чұр

biŋbašï

4.                 

3000

3000

3000

900

90

9 бұйрұқ

1 бұйрұқ

10 000

бұйрұқ

бұйрұқ

бұйрұқ

тарқан

тарқан

тарқан

tümenbašï

5.                 

30000

30000

30000

9000

900

90

9 тар-қан

1 шад

100 000

шад

шад

шад

апыт

апыт

апыт

sübašï

6.                 

300 000

300 000

300 000

90 000

9000

90

90

9  шад

1 йабғұ

йабғұ

тегін

йабғұ

тегін

тегін

тегін

45 бек

333 333

333 333

333 333

99 999

9999

999

99

1 қаған

1 000 000


                Көне түрк қоғамының қағандық биліктің әскери-саяси құрылымында : «тұтық-тұдын-чұр, бұйрұқ-тарқан-апыт, шад-йабғұ-қаган (тегін) » деген үштік жүйе , оған лаықты лауазымдық атақ дәрежелер сақталынды (Кесте-2).

Көне түрк қоғамының қағандық билік иелері  «билік атағы-әскери атағы-ру-тайпалық атағы»  деген үштік атақ атауымен аталды, басқаша айтқанда түрк бектердің мемлекеттік атағы, әскери атағы және ру-тайпалық атағы қатар қолданылып  тұрды. Ол атақтарды мынадай түрде қарастыруға болады: 

-        Негізгі атақтар   (қаған, йабғұ, шад, апа, тархан, бұйрық, чұр, тұдын   және т.б.)

-        Анықтауыш атақтар  (Ел қаған, Елтеріс  қаған, апа тархан, ұлық тархан , күлі чұр, ай чұр  және т.б. )

-        марапатаған атақтар  (Тәңірі тек Тәңіріден жаратылған Түрк білге қаған, Ел етміш білге қаған, Білге  Тұңықұқ  Бойла баға тархан , Чықан Тұңықұқ  Күлі чұр және т.б.)

-        ерекше атақтар  (Чықан, ынанчұ, сеңүн, құнчұй және т.б.) 

Кесте 2. Түрк елінің қағандық саяси-әскери билік жүйесінің негізгі тұлғалары (жаңғыртпа)

II

I

III

Тардұш

батыс)

Іч

(орталық)

Төлес

(шығыс)

1.                 

ҚАҒАН

2.                 

йабғұ

тегін

(сүбашы)

йабғұ

3.                 

тегін

тегін

тегін

4.                 

шад

шад

шад

5.                 

апыт

апыт

апыт

6.                 

тарқан

тарқан

тарқан

7.                 

бұйрұқ

бұйрұқ

бұйрұқ

8.                 

чұр

чұр

чұр

9.                 

тұдын

тұдын

тұдын

10.             

тұтық

тұтық

тұтық




[1]

Пікір қалдыру