Көне түрктердің киім-кешектері

Жалпы мәлімет

Көне түрк заманында алуан түрлі жібек, торғын маталардан және теріден  жылдың маусымдарына  байланысты түрлі киім-кешектер қолданылды. Сонымен қатар, ресми салтанаттарға арналған арнайы атақ-лауазымдық, соғысқа арналған,  аң аулауға арналған және де күнделікті қолданысқа арналған  түрлі-түрлі киім-кешектері болды.

Көне түрктердің киім кешектерінің артефактілері толықтай  сақталынбаған. Киім-кешектердің қандай кескін-пішінде болғандығын растайтын деректер: бәдіз-тасмүсіндерде, жартас суреттерінде, құрылыс қабырғалары суреттерінде мен кейбір қыш миниатюралық бейнелерінде кездеседі және де кейбір жазба деректерінде ол жайында жазылғандары да баршылық.

Көне түрктердің киім кешектерінің маталарының  бөлшектері,  кейбір кішігірім артефактілері  археологиялық қазба зерттеулер барысында табылған болатын. Мысалы, Алтайдағы жерлеу орындарынан жауынгер ердің киім кешегінің  ою өрнекті жібек мата бөліктері табылған [Кубарев, 2005, 355-360].

Көне түрктердің киім кешектерінің көріністері  Орталық Азиядағы кең сахарасында орнатылған ғұрыптық кешендеріндегі бәдіздерде көптеп  қашалып өрнектелген.  

            Басы толық немесе жартылай  сақталынған бәдіздердің  бет келбетіне  байланысты мына жайттарды айтуға болады. Бәдізші шеберлер марқұмды бейнелеуде анағұрлым шынайы бейнелеуді, көзі тірісіндегі бет келбеттерін мүмкіндігінше тасқа бедерлеп қашағандығы байқалады.  Онда  бәдіздердің көпшілігінде  бет формалары  моңғолдық (монголоид, тураноид)  нәсілге тән болып көрінеді. Сонымен қатар бәдіздерде қас, көз, мұрын, құлақ, мұрт, бұрым шаштары бейнелеген. Көне түрк бәдіздерінде мұртсыз бейнеленгендері сирек кездеседі.  

Баскиім. Көне түрк дәуірінің  бәдіздерінің  көпшілігінде бас киімдері бар, олар негізінен шошақ төбелі, үш төбелі, төрт, бес сайлы, орама  және басқа түрлі болып келеді.  Үш сайлы бөрік киген, құлағында сырғалы бейнелерді бұрынғы зерттеушілер «Ұмай ана» деген қате пікір қалыптасқанын айта кету керек [Суразаков,1994 ]. «Ұмай ана» дегеніміз түрктердің жер әлемін, туған жерін ырым-жосындық тұрғыдан қастерлеп атағандығы, түрктердің Көк Тәңірлік философиясымен,   «Жер ұйық, Жер су»  деген дүние танымдық түсініктерімен тікелей байланысты киелі бейне, мифтік-аңыздық кейіпкер болса керек.

Бас киімдері анық сақталынған бәдіздер қатарына: Күлтегіннің  бес сайлы бөрігі, «Өгзөг», «Баян-цагаан», Алтын тамған тархан,  «Шивээт улаан», «Дадга», Кеме-кечу, «Кара балта», «Ыстық көл» (үш сайлы бөрік) және басқа  бәдіздердің бас киімдерін айтуға болады.  

Қазірге дейін анық болған көне түрк  бәдіздердің  басым көпшілігінің бас тұсы сынған, бүлінген, тіпті жоғалғандар бар. Дегенмен  алғаш қашаған қалпындағы бастары толық сақталынған бәдіздер баршылық. Кейбір бәдіздердің бастары сынып кетсе де  кейін табылып сақталынғандары  кездеседі.  

 Орталық Азиядағы  бәдіздерінде  негізінен шошақ төбелі, үш, төрт, бес сайлы, құлақшынды киізден, жүннен, матадан жасалынған  түрлері де баршылық.  Сонымен қатар кейбір бәдіздерде  дулыға қашалғандары кездеседі. 

            Бас киімдері көбінесе  қысқы, жазғы, күзгі маусымдық  түрлерінде бейнеленгендері бар. Көне түрк тілінде бас киімді börük >  бөрік деп атады.  Сонымен қатар qiymač börük  >  ақ ешкінің жүнінен жасалынған бөрік, quturma börük>қайырма бөрік (құлақшынды) suqarlač börük  >  шошақ (үшкір) бөрік  және басқа  түрлері аталады (Divanü lugat-it-Türk. -1.349, 490, 493, Divanü lugat-it-Türk- 2. 93, 28; Divanü lugat-it-Türk-3.174).

Қытайдың  әулеттік  жылнамаларында  түрктердің «...әйелдері  қойдың сүйегін терімен  орап, бастарына тағып, шаштарын бұйралап салбыратып қояды, онысы (қытай) ұлықтарының бас киіміне ұқсайды» дейді.

«Шаштарын қиып, бастарына қайыңтоздан қалпақ жасап киеді», «Киімнің ең құндысы ретінде бұлған терісінен тігілген киімдер бағаланады. Ажо (қырғыз билеушісі) қыс күндері бұлғын бөрік, жаз күндері алтын түйме қадалған, қайырмалы шошақ қалпақ киеді, нөкерлері бастарына ақ киіз қалпақ киеді және беліне кісе таққанды ұнатады. Кедей адамдар тері киімдер киеді, бастарына қалпақ кимейді. Әйелдері торғын, шұға және жібек маталардан киім киеді » (Қытай деректемелері, 4.  25, 383, 385).

Түрк қоғамының этникалық топтары мен  саяси-әскери дәрежелеріне байланысты бас киімдерінде  айырмашылықтар болды деуге негіз бар және бас киімдерді  үш топқа бөліп топтастыруға болады. Олар: қаған, тегіндердің бас киімі, билік тұлғалардың бас киімі, батыр, бекзат және ру басы тұлғалардың бас киімі.  

     Қаған, тегіндердің бас киімі. Бүгіндер анық болған қаған, тегіндердің  бәдіздерінде бас киімі қашалғандары  қатарына «Шивээт улаан», Күлтегін,  «Шивээт толгой» ғұрыптық кешендерінің бәдіздері жатады. Түрк қоғамында қаған, тегіндер бас киімдерінің маңдай тұсына Тәңірдің елшісі  ретінде «қыран құс» бейнеленген тәж таққан. Бұл биліктің рәміздік биліктің этносимволы болды. Әсіресе, Білге қаған ғұрыптық кешенінен табылған бес сайлы  алтын тәжді ерекше атауға болады. Демек қаған, тегіндердің бас киімдерінің маңдай тұсында  қыран құс бейнелері  айрықша безендірілген.

Билік тұлғалардың бас киімі. Аталмыш топтағы бәдіздерде көбінесе шошақ бөрік түрлері, күләпара іспетті жеңіл бас киімдер бейнеленгенін байқауға болады.   

Батыр, бекзат және ру басы  тұлғалардың бас киімі. Бұл топтағыларда үш сайлы, құлақшынды  бас киімділер кездеседі. Соным қатар   қару-жарақты батыр бейнелерінде  дулыға да бейнелендері  бар.

Шаш-бұрым. Көне түрк қоғамында ерлер ұзын шаштарын бірнеше (бір, үш,  бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз) бұрымды етіп,  бұрымның ұшын әшекейлі затпен бекітіп  арқа тұсына салбыратып жүрген. Кейбір бәдіздерде шаштарын тиянақтап қырқып қысқартқандары да бар. Не болса да, түрктерде шашын бұрымдау, қырқып тастау секілді түрлері болғандығы анық.

Сақал-мұрт.  Көне түрк қоғамында мұртсыз  ер азамат  өте сирек болған болса керек.  Өйткені  бәдіздердің  дені мұртты болып бейнеленіп қашалынған. Демек, мұрт ер батырлардың айрықша бір белгісі, келбет кескіні болып табылады. Алайда кейбір бәдіздерде мұртсыз келетіндері бар.

Сырғалар. Көне  түрктерде ерлер  сырға таққан. Сырғасыз бәдіздер өте аз. Бәдіздерде әйел бейнесі тіптен жоқтың қасы, мүлдем сирек кездесетін болғандықтан біз әйелдерде сырға тағып, оны кеңінен қолданғанын растай алмаймыз.

            Киім-кешектер. Жалпы, Орталық Азиядағы көне түрк бәдіздерінде  киім кешектің түрлері  көпі. Әсіресе, Моңғолиядағы қағандардың бәдіздерінде  өте көркем әрі өсімдік ою өрнекті шекпен суреттелгені бар. Мұндай шекпен киімдер басқа аумақтарда кездесе бермейді. Ол кездерде шекпен, тон, шапандарының жағалары кең әрі жалпақ болып келеді, олар бәдіздерде анық суреттелген, кейбір құрылыс қабырға суреттерінде (Пенжикент және басқа) түрлі түсті етіп сызғандары мол. Бұл орайда зерттеушілердің даулы деп қарастыратыны  киімінің  алдыңғы екі бойының бір-біріне айқастырыла оң немесе сол жаққа қаусырынылуында еді.  Шынтуайынта, оң ,сол деген мәселе ер мен 2йел белгісін білдіреді. Сонымен қатар, қазіргі этнографиялық дәстүрлі болмыстан тым алшақ та емес.

Белдік белбеулер (Kdlb> beldik). Ер адамның бәдіздерінің барлығында белдік, белбеулер бар. Белбеу  тағу дәстүрі түрк қоғамында  өте кең тараған әрі саяси-әскери дәрежелеріне байланысты бірнеше түрлері болды деп айтуға болады. Белбеулерде садақ, пышақ, қылыш,  құты (ыдыстың аяққабы), қаптырға, шақпақ  секілді күнделікті зат бұйымдарды ілгектеп алу жүруге арналған  арнайы ілгектері де болды. Белдік ер батырдың да бір ерекше белгісі болды. Моңғолдарда büsü > бүсү (белдік) деген мағына білдіреді және де «büsütei> бүстэй (белдікті, ер адам),  büsügüi> (белдіксіз, әйел адам) деген семантикасы мен байырғы ыоым-жосындық атаулардың сарқыншағы сақталған [Баяр, 1997].

Қылыш-қанжарлар (CLiQ>qïlïč) . Көне түрк бәдіздерінде ұзын түзу қылыштар, қанжар,  пышақтар көп бейнеленген. Қару жарақсыз таяқ немесе арнайы билік рәміздерін ұстағандары да баршылық. Әсіресе, қылыштардың барлығы  түзу пішінді бейнеленген. Бұл дәстүр қыпшақтарда, моңғолдарда да толыққанды сақталынғанын ерекше айту керек.

 Аяқ киімдер.  Аяқ киімдері толықтай бейнеленген бәдіздер өте сирек кездеседі. Өйткені бәдіздердің түрегеліп тұрғандарында ұзын шекпен кигетіндіктен  аяқ киімдері анық салынбаған.Ал малдас құрып отырғандарында тері іспетті аяқ киім кигендері суреттелінген деп айтуға болады.  Мүсін тасты қашаушы бәдізшілер аяқ киімдерін толық суреттей қашағандары өте сирек кезедседі. Кейбір жағдайларда бәдіздің толық сақталмауына да байланысты қырылып, жоғалғандары өте көптеп кездеседі.  

esra15 Қараша, 2020

bence çok güzel

Z.27 Қараша, 2020

Bu paylaşımınız için teşekkürlerimi sunarım. Gerçekten faydalı oldu ve merakımı biraz olsun dindirdi. Kaleminize sağlık.

İsmaıl Ülgen CİN07 Ақпан, 2021

Orda KÜLTİGİN KÜLLİYESİ demişsiniz fakat KÜLLİYE olayı 1250 yıllık bir olay orda yanlışınız var düzeltiniz.

Yusuf Osman Ünal 28 Ақпан, 2021

Benim aradığım şey burda yok sadece kıyafetlerle ilgili bilgi verilmiş ve benim aradığım şey kıyafetlerin isimleri

ff18 Наурыз, 2021

fff

HFFH02 Мамыр, 2021

SİZİN YAPACAĞINIZ İŞE BEN NE GİYİLİR DİYOM SİZ AYAKABI KILIÇ YAZIYO

HFFH(2)23 Қаңтар, 2023

Doğru kardeşi destekliyor lan alakasız şeyler yazmışsınız!!!

Пікір қалдыру