Күлтөбе қыш кiрпiштердегi жазулар

Жалпы мәлімет

Қангюй (кангю, канцзю) дәуiрi. б.д.д. I ғасыр - б.д. I-IV ғасыр.

2001-2005 жылдары археолог  А.Н. Подушкин басқарған  археологиялық экспедициясы Оңтүстiк Қазақстан, Арыс өзенi Күлтөбе қалашығынан беймәлiм жазуы  бар қыш қыштарды анықтады. Бұл мәтіндер  жазу үлгісі жағынан   байырғы соғды  жазуларға ұқсас деп  болжайды. Бұл деректерден  Канцзю  яғни  Қаңлы дәуiрiнде жазу қолданғаны белгiлi болып тұр.

Ғылыми зерттеулер

Ағылшын ғалымы Николас Симс Вильямс  аталмыш қыш кірпіштегі мәтіндерді «Чач билеушісі», «жаулап алушы» , «Чач билеушісі қаланы орнатты» , «киіз үйдегілер» деген мағынада оқыды.

Ғылыми әдебиет

Подушкин  А.Н.   Арысская культура Южнего Казахстана ( IV в.до.н.э. – VI в.н.э.).  Шымкент, Туркестан. 2001,  С. 160-161.

Подушкин А.Н. Эпиграфические артефакты городища Культобе // Труды Государственного Эрмитажа. Т. LXII. «Согдийцы, их предшественники и наследники». Санкт-Петербург, 2013. -С. 82-95.

Пікір қалдыру