Ордұбалық (Қарабалық, Харбалгасун) қаласы

Жалпы мәлімет

kLBUDRU  -Ordu balïq> Ордұ-балық (Қара балық?).  VII-XII ғасырларда өмір сүрген ірі қала. Түрік Елі мен ұйғыр  этносаяси бірлестігінің астанасы Ордұ-балық қаласы   (жергiлiктi халық : Хар балгас (Қара қалашық), Хан балык деп те атайды).  Қазіргі Моңғолияның Арханғай аймағы Хотонт сұмынының оңтүстiгiнде Орхон, Жырмынтай  өзені  аралығында  орналасқан.  Қаланың нақты атауы жайында үзілді-кесілді тарихи жазба деректер жоқ. Оның не себептен «Хан-балық , Балықлық,  Орды-балық, Қара балғасұн, Хар-балгас»  аталғаны анық емес. Дегенмен де  моңғолша  Хар-балгас < Qara balgasun деп аталуына қарағанда бұл қаланың тарихи атауы  Qara balіq > Қара-балық  болса керек. Өйткені көне түрік дәуірінің жер-су атаулардың басым көпшілігі қазіргі моңғол тілінде, жергілікті халықтың атауында  да сол қалпында  сақталынып қалған. Зерттешілердің басым көпшілігі  осы қаланы  Ұйғыр қағандығы дәуірінде салынған, ұйғырлардың  ордалық бас қаласы деп есептейді. Сол себептен де  Qan balіq > Хан балық, Balіqlіq>  Балықлық, Ordu balïq > Орды балық, Хар-балгасун   деген секілді әр түрлі нұсқаларда жаңғыртып қарастырады. Аумағы 50х50 км алып кеңістікте Орхон өзені бойындағы шұрайлы алқапта орналасқан бұл алып  қалада археологиялық қазба зерттеулер  толыққанды жүргізілмеді. Қазіргі кезде Моңғолия-Германия бірлескен экспедициясы бірнеше жылдар бойы қазба зерттеулер  жүргізіп келеді.  

Мәтін


Пікір қалдыру