Моңғолиядағы бұғытастар

Жалпы мәлімет

Бұғытастар қола және темір дәуіріне қатысты және де ежелгі  көшпелілердің айрықша ескерткіштерінің бірі. Биік ұстынтастарға  бұғы бейнесін қашайтынымен ерекшеленеді. Сол себептен «бұғытастар» («deerstones, оленные камни») деп аталады. Бұғытастардың негізгі мерзімдері б.д.д XIV-VIII ғасырларға қатысты және «керексур» деп аталатын алып қорғандары  хронологиясымен шамалас келеді.

Еуразия көлемінде анықталған бұғытастардың 1500 данасының 1200-ден астамы қазіргі Моңғолия жерінде шоғырланған. Сонымен қатар, Байкөл аумағында 20, Саян, Алтай тауларында 80, Қазақстан, Орта Азияда 20, Кавказ, Украина, Германия Эльба аумақтарында 10 -нан астам ескерткіш тіркелген.

Моңғолиядағы  биік ұстынтастардың барлығында бұғы бейнесі суреттелген. Ұстынтастың жоғары тұсындағы дөңгелек,  нүктелі сызықшалары адамның басын, сырғасын, мойын алқасын білдірсе одан төменгі тұстарында  белдігі, қару-жарақтары және басқа бұйымдар бейнеленген. Осылайша аталмыш бұғытастың жалпы кескін келбеіт  адамды бейнеледі деп қарастырады. Демек  көне түрк дәуірінің  адам бейнелі бәдіз яғни тасмүсін қашау өнерінің  бастапқы тұлғалары осы бұғытастар болған деп айтуға әбден  болады. Бұғытастарды белгілі жерлерде  бір және бірнеше данамен орнатып айналасына ірі қорған,  бейіт және басқа  ғұрыптық құрамдас бөліктерін таспен жүйелі түрде жасаған. Бұлар билік тұлғаларына арналғандығы және де белгілі бір  ру-тайпалық одақтарды басқарушы көсемдер мен  ата-бабалар құрметтеріне арналған ғұрыптық жосынды айрықша кешендер екендігі анық.

Ғылыми әдебиет

Савинов Д.Г. Оленные камни в культуре кочевников Евразии. -СПб., 1994.

Цэвээндорж Д. Монголын эртний урлагийн түүх. -Улаанбаатар, 1999.

Волков В.В. Оленние камни Монголии. -М., 2002.

Цэвээндорж Д., Баяр Д., Цэрэндагва Я., Очирхуяг Ц.  Археология Монголии. - Улаанбаатар, 2008. -239. -87-92.

Төрбат Ц., Баярсайхан Ж., Батсүх Д., Баярхүү Н. Жаргалантын амны буган хөшөөд. -Улаанбаатар, 2011.

Гантулга Ж., Ерөөл-Эрдэнэ Ч., Магай Ж. Хойд Тамирын буган хөшөө. -Улаанбаатар, 2016.

Монголын буган хөшөө // Монголын археологийн өв. Цуврал зурагт цомог, II боть. Эрхлэн хэвлүүлсэн Ц.Төрбат. -Улаанбаатар, 2016.

Монголын археологийн сонгомол өв. Archaeological Selected Relics of Mongolia. II.-Улаанбаатар, 2016. – 110-114.

Пікір қалдыру