Қола дәуірі «төртбұрыш бейіттер» ( б.з.д. II-I мыңжылдық)

Жалпы мәлімет

Қазіргі Моңғолияның  шығысынан Алтай тау сілемдеріне, Байкөлден  Гобиге дейін аумақтарда   «төртбұрыш бейіт» («плиточная могила») деп аталатын жалпақ тас қапталдармен қоршаулы келетін төртбұрыш пішінді жерлеу орындары бар. Олар  көбінесе  бір жерде 3-50 данадан  (өлшемі 2х4м, 5х10 м) шоғырланған күйде кездеседі. Бұл орындарда  өліктің  басына жастық етіп тас қойып, басын  шығысқа қарата жерлейді. Мүрдені топырақпен көмген соң    жан-жағына жалпақ ірі тастармен қоршау жасап жерлеу салты болды. Бүгіндер Моңғолияда аталмыш құрылымды 600-ден астам ескерткіш тіркелген.  

Ғылыми әдебиет


Сосновский Г.П. Ранние кочевники Забайкалья // КСИИМК. Вып. VIII. М., 1940.

Төрбат Ц.  Эрдэнэхайрхан уулын булш ба дөрвөлжин булшны соёлыг үечлэх асуудалд // Acta Historica. Tom. V, Fasc. 1. -Улаанбаатар, 2004. -5-12.

Цэвээндорж Д., Баяр Д., Цэрэндагва Я., Очирхуяг Ц.  Археология Монголии. - Улаанбаатар, 2008. -239. -80-85.

Амартүвшин Ч., Батболд Н., Эрэгзэн Г., Батдалай Б.  Чандмань Хар уулын археологийн дурсгал I. -Улаанбаатар, 2015.

Монголын археологийн сонгомол өв. Archaeological Selected Relics og Mongolia.-I.-Улаанбаатар, 2016. – 152-159.



Пікір қалдыру