Ұлық ұлыстың ханы Тоқтоғаның (1290-1312ж.) елшілік күміс белгісі

Жалпы мәлімет


Ұлық ұлыстың  ханы Тоқтоғаның (1290-1312ж.) елшілік күміс белгісі  


Бұл елшілік белгі 1890 ж. Еділ өзені бойынан (бұрыңғы  Жошы ұлысының («Ұлық ұлыс» мемлекетінің) аумағында табылған. Күміс белгіше орта тұсынан сынып кеткен. Мәтін белгінің бет тұсында екі жол, артқы бетінде екі жол барлығы төрт жол ұйғыр жазу бітігімен көне моңғол тілінде жазылған.

Ғылыми зерттеулер

Мәтінді алғаш рет А.М. Позднеев [Позднеев, 1896: 150-152], А.Спицын [Спицынь, 1909: 130-144] анықтамалық зерттеулерін  жариялаған. Сондай-ақ, Л. Лигети [Ligeti,1963: 171] Д. Төмөртогоо [Төмөртогоо, 2002:  310; Tumurtogoo, 2006: 280-281], Е. Жанчив [Жанчив, 2005:79], Н.Базылхан [Деректемелер мен мұрағат құжаттары, 2006:13-19] және басқа  ғалымдар зерттеулер жүргізген. Түпнұсқасы  қазір Санкт-Петербор эрмитажында сақтаулы.

Ғылыми әдебиет

Позднеев А.М. Лекции по историй монгольской литературы, Т. 1. 1896. -289.

Спицынь А. Татарьскія байсы // «Известия Императорской Археологической Комиссий», выпуск-20, – Спб,1909. t.XXIX. с. 130-144. 

Ligeti Lous   Pleklasszikus emlekek 1, MN. I. -Budapest, 1963. –176 p.

Жанчив Е. Сонгодог монгол бичгийн өмнөх үеийн бичгийн дурсгалууд. -Улаанбаатар, 2005. -240.

Деректемелер мен мұрағат құжаттары (ғылыми мағыналық аудармасы мен түсіндермелері, көрсеткіштері- Н. Базылхан, А.Құрметхан, З.Хинаят,Д.Қатран, Б.Хинаят, А.Тойшан). // Серия «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» -II том.  - Алматы:Дайк-Пресс, 2006.-180-б.  

Tumurtogoo D.  Mongolian Monuments in Uighur-Mongolian Script (XIII-XVI Centures). Introduction, Transcription and Bibliography. Institut of Linguistics, Academia Sinica, Taipei, Taiwan, 2006. –723.

Мәтін

      Бет жағы

 

Möŋke Teŋgeri-yin (küčün-dür)

Yeke suu zali-yi (irgegün-dur)

 

Артқы беті

 

Toqtoγa-yin (zarliγ ken ülü)

bisirekü, kümün  al(+daqu ükükü)

 

Мәңгі Тәңрiнiң (күшi-дүр)

Ұлы сұсты жарас+ты (қара халыққа)

Тоқтоға+ның (жарлығы кім еш)

табыну, кiсi ал(дыртса, өлтiрiлмек)

Пікір қалдыру