Көне түрк бітік жазулы ескерткіштерінде аталатын жер-су атаулары

Мәтін

Көне түрк бітік жазулы ескерткіштерінде аталатын жер-су атаулары

 

1.             Altun  Yïš> алтұн йыш. «Алтын Йыш, Алтын орманды тау алқабы». Алтай тау жоталары.

2.             Arqar bašï > арқар башы. «Арқар басы» жердің аты.

3.             Atlaγ > атлағ. «Атлақ». Қазіргі Қазақстанның Тараз қаласынан 15 км батыста Жұбан-төбе ортағасырлық калашығы.

4.             Aya bašï > айа башы. «Ая басы» жердің аты.

5.             Aγu> Ағұ. Жердің аты. «Ағұ». Білге қаған бітіктасында: «Oγuz budun Toγuz Tatar birle tirilip kelti, Aγuda eki uluγ süŋüšdüm-  Оғыз халқы Тоғыз Татармен  бірге теріліп-жиналып келді, Ағұда екі рет ірі соғыстым» деп кездеседі.

6.             Berčеker > Берчекер. Бітіктастарда күн батыстағы соғды, берчекер, бұқарақ  деп аталады.

7.             Böküli Čölüg el >  Бөкүлі Чөлүг Ел. «Бөкілі шөлді ел». Қазіргі күншығыстағы Корей түбегі.

8.             Bökеgük>  Бөкегүк. «Бөкегүк». Жердің аты.

9.             Bolču > Болчұ.   «Болчұ» . Бітіктастарда «Türgeš qaγan  süsi Bolčuda  otča borča keltі  süŋüšdümüz-   Түргеш қағанның әскери Болчұда отша-боранша келді, соғыстық» деп кездеседі.

10.         Bolču ögüz > болчұ өгүз. «Болчұ өзен».

11.         Boruγu > борұғұ. «Борұғұ» өзеннің аты. Қазіргі Моңғолияның солтүстік өңіріндегі өзен.

12.         Buqaraq> Бұқарақ. «Бұхара».

13.         Burγu> бұргұ.   «Бұрғұ» жердің аты.

14.         Čïγïltar Köl > чығылтар көл. «Шығылтар көл» жердің аты.

15.         Čub > чұб.  «Шу». Қытайша  аудан деген  әікмішілік сөздің атауы. Алты чұб соғдақ- алты аудан соғдылықтар деп атады.

16.         Čuγay quzï > чұғай құз. «Шұғай құз» жердің аты.

17.         Ersenke > Ерсенке. «Ерсенке» өзеннің аты. Toquz Ersenke- Тоғыз Ерсенке  деп кездеседі.

18.         Ertis > Ертіс. «Ертіс» өзеннің аты.

19.         Ezgenti Qadïz > Езгенті Қадыз. «Езгенті Қадыз» жердің аты.

20.         Irelün > ірелүн. «Ірелүн» жердің аты

21.         Jenčü>йенчү. «Інжу». Өзеннің аты. Сырдария өзені.

22.         Kem> кем. «Кем» өзеннің  аты.

23.         Keŋeres> Кеңерес. «Кеңерес»?.

24.         Keŋü Tarman > Кеңү Тарман. «Кеңү Тарман». Түрк Елінің батыс тарапындағы  жер атауы. Дәл қай жер екені белгісіз. С.Г.Кляшторный Отырар маңындағы  Тарбанд , Дербент (?) деп қарастырады. 

25.         Кerügün > керүгүн. «Керүгүн» жердің аты.

26.         Köger> көгер. «Көгер тау» жердің аты.

27.         Kögmen> Көгмен. «Көгмен»  таудың аты. Қазіргі  Саян//Соен тау жоталары. «Kögmen аša  Qïrqïz  jeriŋe tegi  süledimiz – Көгменді асып, Қырғыз жеріне дейін соғыстық» деп кездеседі.

28.         Kölün > көлүн. «Көлүн»  көлдің аты.

29.         Kömür taγ > көмүр тағ. «Көмір тау» жердің аты.

30.         Maγu qorgan> мағұ қорған. Қала атауы.

31.          Ötüken Eli > Өтүкен Елі .  «Өтүкен елі». Қазіргі Моңғолияның орталық аумағындағы Орхон өзені бойы  Хангай деп аталатын тау-жоталарының шұрайлы алқабы. Көне моңғолша Этүген деп те аталады.  Осы орайда өтү+кен, отұ+қан, ұтұ+қан, эдү+ге, одұ+ға және басқа түбірлес сөздердегі компонеттері ұқсас. Бұған қоса айтарымыз, otqan > ot+qan «отқан» сөздің мәнісі орталық кеңістікті меңзеп «оттың иесі, ата жұрт, бабалар кеңістігі, заман уақыттың ханы» деген мағыналы қолданыспен дамыды. От-қан (от ошақтың иесі, кенже ұл бала) деген атаулар да осыны айғақтайды. Бұдан қан+қан деген атау қаған, қаңғай деген екі тұлғада салаланып өрбіп дамыды. Хакас, тыва тілінде Саян (Sayan), моңғолша Соен  (Soyon) және басқа  атауларды осы қаңғай, қаған атаулармен балап ұштастырсақ онда олардың мағынасы да бірдей төркіндес, орталық қасиетті аумақ дегенді меңзейтінін байқауға болады.  

32.         Őgüres Eli  > Өгүреш Елі. «Өгүреш елі». Қазіргі Моңғолияның солтүтсік аумағындағы Селеңгі, Туыл, Орхон өзені бойы  тау-жоталарының шұрайлы алқабы.Қазіргі Моңғолияның солтүстік  аумағындағы тау-жоталары байырғы атауы.

33.         Orqan > Orqan //Orqun> орхон.  Бұл деген сөздің мағынасы “Орталықтағы хан ордасы немесе орталық хан өзені” деген сөздің мағынасы «орталықтағы хан ордасы,  өзені, мекені». Бұл Ор- деген түбір сөз өте өнімді қолданылады әрі Ор+қан, Ор+ду, Ор-та, Ор+да, (қырғыз тілінде Or+or > Бор+бор /орталық/) т.б. тарихи лексамаларда кеңінен ұшырасады. Қазақ тілінде орта, орда, орын, орындық, ор т.б. сөздерде сақталды. Орхон деген өзен атауы да « «қан»-нан туындаса керек. . Бұл  Ор- деген түбір сөз өте өнімді қолданылады ғрі   Ор+қан, Ор+ду, Ор-та, Ор+да, ( қырғыз тілінде Or+or > Бор+бор/орталық/)  т.б. тарихи лексамаларда кеңінен ұшырасады. Қазақ  тілінде   орта, орда, орын, орындық, ор т.б. сөздерде сақталды. 

34.         Orqun ögüz> Орхұн өгүз. «Орхон өзен». Қазіргі Моңғолияның  Ханғай  жоталары  Суварга хайрхан  тауынан бастау алып солтүстікке қарай  Туыл өзенімен қосылып орталық аймақтарынан ағап Селеңгі өзеніне қосылатын өзен.  Селеңгі, Туыл өзендері Байкөлге барып құйылады.

35.         Ordu balïq> Ордұ-балық (Қара балық?). VII-XI ғасыр. Түрк Елі мен Ұйғыр қағандығының астанасы Ордұ-балық қаласы         ( жергiлiктi халық : Хар балгас (Қара қалашық), Хан балык деп атайды).   N- 47 º23´; E- 102º28´. Теңіз деңгейінен:       м. Қазіргі Моңғолияның Арханғай аймағы Хотонт сұмынының оңтүстiгiнде орналасқан. Қаланың нақты атауы жайында үзілді-кесілді тарихи жазба деректер жоқ. Оның не себептен «Хан-балық , Балықлық ,  Орды-балық, Қара балғасұн, Хар-балгас»  аталғаны анық емес. Дегенмен де  моңғолша  Хар-балгас < Qara balgasun деп аталуына қарағанда бұл қаланың тарихи атауы  Qara balіq > Қара-балық  болу керек. Өйткені көне Түрк дәуірінің жер-су атаулардың басым көпшілігі моңғол тілінде, жергілікті халықтың атауында  да сол қалпында  дерлік сақталынып келген. Зерттешілердің басым көпшілігі  осы қаланы Ұйғыр қағандығы дәуірінде салынған , ұйғырлардың  ордалық бас қаласы деп есептейді. Сол себептен де  Qan balіq > Хан балық,     Balіqlіq>  Балықлық, Ordu balïq > Орды балық, Хар-балгасун   деген секілді әр түрлі нұсқаларда жаңғыртып қарастырады.

36.         Otqan > ot+qan // Ötüken  > отхан// өтүкен.  «Отқан, Өтүкен» . Бұл сөздің мәнісі орталық кеңістікті меңзеп «оттың иесі, ата жұрт, бабалар кеңістігі, заман уақыттың ханы» деген мағыналы қолданыспен дамыды. Көне моңғолша Этүген (өтү+кен, отұ+қан, ұтұ+қан, эдү+ге, одұ+ға т.б. түбірлес сөздердегі клмпонетттері ұқсас), От-қан (от ошақтың иесі, кенже ұл бала) деген атаулар да осыны айғақтайды, әрі жуан-жіңішкелік түрде дамығанын көрсетеді. Бұдан қан+қан деген атау Қаған, Қаңғай деген екі тұлғада салаланып өрби дамыды. Хакасша, туваша Саян (Сайан), моңғолша Соен т.б. атауларды осы қаңғай, қаған атаулармен ұштастырсақ онда олардың мағынасы да бірдей төркіндес болмақ.

37.         Qadïrqan yïš  > Қадырқан. «Қадырхан». Қазіргі Хянган тау жоталарының алқабы. Моңғол тілдерінде «Хайырхан» қиелі тау, қасиетті тау деген семантикасымен  бүгінге дейін сақталынған.

38.         Qadïz>қадыз. «Қадыз». Бітіктастарда « Ezgenti Qadïz» деп кездеседі.

39.         Qamïš> қамыш. «Қамыс». Бітіктастарда «Аdaq Qamïš» деп кездеседі.

40.         Qanuy> қанұй. «Қанұй» өзеннің  аты.

41.         Qaŋγay > қаңғай.  Хұн, Сяньби, Жужан одан Түрк Елі кездерінде қағандардың ордасы қазіргі Моңғолия Орхон өзені бойындағы өте шұрайлы алқап болды. Бұл Қаңғай деп аталды. Бұл атау байырғы Түрк тілінде * qan +*qan > qanqan > qaŋgan> qaγan  деп өрбіген атаумен ұқсас өрби келе qaŋ+gan > qaŋ+γay > қаң+ғай деген тұлғасында қалыптасқан. Басқаша айтқанда «қанның кеңі, қағандар мекені» деген семантикалық мәнде қолданыла бастап, сол байырғы атауы бүгінге дейін сақталынды. Осы Қаңғай атауы көне Түрк бітіктастарда Өтүкен деп аталған.

42.         Qapïγ> қапығ. «Қақпа». Бітіктастарда «Temir Qapïγ-Темір Қақпа» деп кездеседі.

43.         Qara Bulaq > қара бұлақ. «Қара бұлақ» жердің аты.

44.         Qara Qum > қара құм.  «Қарақұм» жердің аты.

45.         Qara Yotluqun > қара йотлұқұн.  «Қара йотлұқын» жердің аты.

46.         Qaraγa > қараға.  «Қараға» өзеннің аты. Қазіргі Моңғолияның  астанасы Ұлан-батыр қаласынан солтүстікте Хараа деп аталатын өзен.

47.         Qašar > қашар.  «Қашар» жердің аты.

48.         Qazluq köl > қазлұқ көл. «Қазлұқ көл»

49.         Qorγan> қорған: ұзын қамалды қорған.

50.         Šantuŋ>шантұң. «Шантұн»  жазығы. Мәтіндерде  «Šantuŋ yazïq» деп кездеседі.

51.         Seleŋe> Селеңе. «Селеңге». Қазіргі Моңғолияның  батыс солтүстігіндегі  ірі өзеннің атауы.

52.         Semiz>семіз. «Семіз»

53.         Soŋa //  Suŋa jïš >Соңа йыш. «Соңа орман»

54.         Soγdaq>соғдақ. «Соғдылықтар, сарт саудагерлер»

55.         Soγud> соғұд. «Соғды»

56.         Suqaq yolï > сұқақ йолы. «Соғақ жолы» жердің аты.

57.         Šaqïšïn > Шақышын. «Шақышын» жердің аты.   

58.         Šïp bašï > Шып басы. «Шып басы» жердің аты. 

59.         Šöŋüz bašï > Шөңүз башы. «Шөңүз басы» жердің аты.   

60.         Tamaγ ïduq baš > тамағ ыдұқ баш. «Тамағ Ұйық басы», Жердің аты.

61.         Tarman> тарман.  «Tарман».

62.         Tayγun  kül >тайғұн көл. «Тайғын көл»

63.         Teldü >телдү. «Телдү» өзеннің аты

64.         Temir  qapïγ >темір қапығ. «Темір қақпа».

65.         Toγula > Тоғұла. «Тоғыла». Туыл өзен аты.

66.         Tоrγaq  bašï > Торғақ башы. «Торғақ басы» 

67.         Üč Вirkü> үч Біркү.  «Үш Біркү» жердің аты.

68.         Üč Ïduq > үч ыдұқ.  «Үш Ұйық» жердің аты.

69.         Yar ögüz >йар өгүз. «Йар өзені» өзеннің  аты.

70.         Yašïl ügüz >йашыл үгүз. «Жасыл өзен»

71.         Yola köl > йола көл. «Йола көл»

72.         Yoγra Yarïš > йоғра йарыш. «Йоғра йарыш» жердің аты. 

гщщщгмнгщ27 Қараша, 2020

ғнккнкккккпа р

гщщщгмнгщ27 Қараша, 2020

апррпувпеав

гщщщгмнгщ27 Қараша, 2020

чччвчсвскекесксемемпеимиеимпмипмемеммпе

Пікір қалдыру