Көне түрк дәуіріндегі ру-тайпалық одақтар мен этностар

Жалпы мәлімет

Көне түрк дәуірінің ру-тайпа, тайпалық одақтары мен  этносаяси бірлестіктеріндегі этностар, олардың атаулары   туралы біршама зерттеулер бар. Этнос атауларының басым көпшілігі көне түрк, қытай, соғды, византия жазбаларында молынан кездеседі. Сонымен қатар көне түрк тайпалардың көпшілігі сандық құрамымен анықталынып  аталды: тоғыз оғыз (zGUzxUT), сегіз оғыз (zGUzKs), үш (zGUCu) оғыз,  қырық+ұз? > қырқыз (zQRik), он-оқ (xNU), он ұйғұр (RGJU NU), отыз татар (RTTzTU)  және басқа.   


Мәтін

Көне түрк жазба  ескерткіштерінде аталатын   түрк ру-тайпа атаулары           

  1. Aj taz >  Ай таз . «Ай таз». Түрк тектес тайпаның атауы.
  2. Altï baγ budun > алты бағ бұдұн. «Алты бау халық».  Енисей бойындағы Бай-Бұлын - II  (Е-49)  бітіктасында   « Altï baγ budunïm- алты бау халқым» деп кездеседі.
  3. Apar> Апар. «Аварлар». Түрк тектес тайпалар одағы. Авар қағандығының тайпалар одағы Шығыс Еуропада,  Батыс Қара теңіз және  Дунай өзеніне дейін  жеткен. Түрк Елі империясының құрамына енген.
  4. Az > Аз. «Аздықтар,  Аз тайпалықтар».
  5. Azqïŋa > азқыңа. «Азғана, аздай»
  6. Azu > ? белгісіз.
  7. Azuqï > ? белгісіз.
  8. Basmïl  > басмыл. «Басмыл». Түрк тектес тайпалар одағы. Көбінесе Түрк Елінің батыс қанатының  құрамында болған. Білге қаған бітіктасы мәтінінде «yegirmi  yašïma Basmïl ïduq at  oγušum budun erti,  arqïš ïdmaz tejin süledim- жиырма жасымда Басмыл Ыдұқат руларым халқым еді, кең далада шашыратпай соғыстым»  деп кездеседі.
  9. Bayïrqu > байырқұ. «Байырқұ». Байкөл, Лена  өңірін мекендеген Түрк тектес тайпалар одағы. Қытай деректерінде «баейгу, баигу»  деп кездеседі. Тоғыз Оғыз этносаяси бірлестіктің бір тайпасы.
  10. Bedi > Беді. «Беді»Түрк тектес тайпаның атауы.
  11. Bersel >  берсіл. «Берсіл» Түрк тектес тайпаның атауы.
  12. Čеk // Čіk > чек// чік. «Шек, Чік» тайпалар атауы.
  13. Čigil Tutuq > Чігіл тұтұқ. «Чігіл тұтық»
  14. Ediz> едіз. «Едіздіктер». Түрк тектес тайпалар атауы.
  15. Eki Ediz  ker külüg > екі едіз кер күлүг. «Екі Едіз Кер атақты». Екі   Едіз тайпасы мен «Кер» тайпасы болу керек. Зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. В. Томсен «іki edizker külüg - кедейлер мен тектілер», Т.Текин «Eki Ediz  kerеkülüg-  Екі Едіз (тайпа) кереге үйлі» деп қарастырады.
  16. Еsir erkin >  есір еркін. «Есір  еркін» ?.       
  17. Izgel > ізгел. «Ізгіл» Түрк тектес тайпаның аты. 
  18. Őgüres Eli >Өгүреш елі. «Өгүреш» елі. Солтүстік Моңғолия аумағының ырым-жосындық атауы.
  19. On Uyγur > Он Ұйғұр.  «Он ұйғыр». Он тайпадан құрылған бірлестік атауы.
  20. Qadar> қадар. «Қадар»  Түрк тектес тайпа атауы.
  21. Qarluq> қарлұқ. «Қарлұқ». Түрк тектес тайпалар одағы. Қарлұқтар Алтай тауының батысы Зайсан, Алакөл, Ұрұңғұ көлдері мен Қара Ертіс , Тарбағатай бойын мекендеген. Түрк Елінң батыс қанатының қағаны Тұн йабғұның (618-630 жж.) билігінде болды.
  22. Qašar> қашар. «Қашар» Түрк тектес тайпа атауы.
  23. Qïrqïz> Қырқыз. Қырғыздар қазіргі солтүстік-батыс  Моңғолия, Тыва, Хакасия, Красноярск,
  24. Минусинкс аумақтарында  мекен еткен Түрк тектес этносаяси бірлестіктердің жалпы атауы. Қытай деректерінде «цзегу, хягас» делінген. Жалпы Енисей өзені аңғарларындағы  көшпелі одақтар Түрк Елінің құрамында болды.
  25. Qoruγ > қорұғ. «Қорұғ»  Түрк тектес тайпа атауы.
  26. Quntï > құнты. «Құнты»  Түрк тектес тайпа атауы.
  27. Segiz Oγuz> сегіз оғұз. «Сегіз Оғыз». Түрк тектес тайпалар одағының атауы
  28. Tarduš>тардұш. Он қол қанат. Түрк Елінің әскери-әкімшілік үштік  (сол-орта-оң қанаттық) құрылысының  оң қанатының атауы. Кейбір зерттеушілер бұл атауды ру-тайпа атауы  «сыр-тардұш» деп те қарастырған болатын.
  29. Tekeš / Šanaš ?/ kül tudun > Текеш /Шанаш?/ Күл тұдұн. «Текеш /Шанаш/ көлікті   тұдын». Алтын тамған тархан бітіктасында бұл атау кездеседі.
  30. Tölberi qara budun > Төлбері қара бұдұн. «Төлберінің қара халқы»
  31. Töles>төлес  - сол қол қанат. Түрк Елінің әскери-әкімшілік үштік  (сол-орта-оң қанаттық) құрылысының атауы.
  32. Toŋra> Тоңра. «Тоңыра». Түрк тектес тайпаның атауы.
  33. Toquz Bayïrqu > тоқұз байырқұ. «Тоғыз Байырқұ»
  34. Toquz Oγuz > Тоғұз:Оғұз. Түрк тектес тайпалар одағының атауы. Сөздің төркіні «тоғыз тайпалықтар» деген мәнде. Қазіргі орталық Моңғолияның  Орхон, Туыл өзендері бойын мекендеген Түрк тілді  ең ірі тайпалар одағы.
  35. Toquz Tatar >тоқұз татар. «Тоғыз Татар». Түрк, моңғол тектес тайпалар одағы
  36. Türgeš // Türügeš> түрүгеш.  Түргеш. Түрк Елінің  оң қол  қанаттағы   (батыстағы) Түрк тектес тайпа-одақтардың жалпы атауы. Қазіргі  Жетісу ( Іле, Шу)  Талас өзендері Тәңірі тау («Тянь-Шань») бойын мекендеген.
  37. Türük budun>Түрк бұдұн. «Түрк бүтін//халқы». Түрк бұдұн деп  «ірі кесек денелі Түрк («бүтін») халқы» деген мәнде, онысы «ұсақ-ұсақ қытайлық-табғачтарға өздерін қарсы салыстырып қойған» этномәдени атау сөз.       
  38. Türük esir budun> Түрк есір бұдұн.  Түрiк есiр бүтін (халық) .         Есiр //бүркіт  ( тува тілінде : езір- «бүркiт»  : «Sir- тюрков-“сиров” (точнее: тюрков –эсиров “орлов”»,   Аманжолов, 2003 ). Есір //есір - көне моңғол тілінде «eseri//esiri > исер » - аласа тапалша, арқасыз орындық деген мағына білдіреді.  Сонымен қатар хакасша изер – аттың ерін, ер тұрманды атайды.  Демек  изер (изер- «седло», (хазах изерi- кавалерийское седло, сойан изерi- тувинское седло, тадар изерi-хакасское седло т.б. , изер ат- «оседланный кони») , изер ат- «название снаряженной лощадь, которую дарят родители молодой во время ее первого проезда на «торгин» (Бутанаев, 1999 ) деген мағынамен қолданылғанына қарағанда «бүктемелі хан тағы, орындығы» деген ортақ семантикасын толық білдіре алады.  
  39. Türük> түрүк. «Түрк» этноним атауы.  «Түрiк»  сөзi  көне түрiк бiтiктастары мен  ескерткіштерінде  «түрүк, төрүк» жазылған. Бұл сөздiң мағынасы сол дәуiрлердегi қолданыстық мәнi яғни  түрү+к, төрү+к құрамды «төре заңы бар ел, төрелiк, билiктi ел» деген рәміздік-нышандық негізінде қалыптасқан  атау болса керек. Қайткен күнде де этносаяси бірлестіктердің басын құрушы тайпа, одақтар бір мәмлеге келіп,  осы атауға тоқталғаны анық. Бір сөзбен айтқанда,  аталмыш «Түрк» атауы этнополитоним яғни этносаяси атау.  Зерттеушiлер Түрк  сөзінің шығу тегін «берiк, мықты, күштi», «семiз»,  «туу», «төркiн», «дулыға», «төр, төр жақ», «бастапқы»   және  басқа  мағыналы сөздерден туындаған деп жорамалдайды.
  40. Tuyuγut> тұйұғұт. «Тұяқтылар»?.
  41. Tuyγun>тұйғұн. «Тұйғын». Оңтүстік Ғоби шөлі мен Тибеттің солтүстігін мекендеген жартылай көшпелі тайпалар.
  42. Üč Qurïqan> Түрк-моңғол тектес тайпалар. Қазіргі Байкөл алқабын қоныстаған.
  43. Üč Tuγluγ Türük budun > Үч тұғлұғ Түрк бұдұн. «Үш тулы Түрк халқы» 
  44. Üč Qarluq> Үч қарлұқ. «Үш қарлық»
  45. Uyγur >  Ұйғұр.   «Ұйғыр». Түрк тектес тайпалар одағының жалпы атауы.
  46. Yaγlaqar > йағлақар . «Яғлақар» . Түрк тектес тайпаның атауы. «Сүүжийн» бітіктасында  «Uyγur jerinte Yaγlaqar  qan ata keltim- Ұйғыр жерінен Йағлақар хан ата келдім» деп кездеседі. 

Пікір қалдыру