Алтайдағы жерлеу орындары

Жалпы мәлімет

Алтай – ежелгі дәуірлерден түрктердің атажұрты. Алтайдағы Бұқтырма, Би, Қатын және Шу өзендерінің аңғарларында байырғы түрктердің археологиялық ескерткіштері көптеп шоғырланған. Мұндағы археологиялық ескерткіштер XVIII ғасырдың ортасынан бастап зерттеу нысанына іліккен. 250 жылдан астам зерттелу тарихы бар Алтай өңірінің археологиялық мұралары бүгінде ортағасырлық түрктер тарихын зерттеудегі толық деректік қорлар қатарына кіреді.

Бүгінге дейін орманды Алтай өңірінде 125 қорым, 665 жерлеу орындары табылып, зерттелінді. Таулы Алтайда 84 қорым, оның ішінде 216 жерлеу орындары, сонымен қатар 300-ге жуық еске алу кешендері мен жекелеген қоныстар зерттелінді. Алтайдағы ескерткіштердің қатарына петроглифтерді, жазба ескерткіштер мен тас мүсіндерді қосуға болады.

Жерлеу орындарының басым бөлігі Орталық және Оңтүстік Шығыс Алтай территориясында орналасқан. Көп жылғы зерттеулердің нәтижесі бойынша Алтайдағы түрк мәдениетіне тиесілі ескерткіштер тобын алты кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: Қызыл-Таш кезеңі, Күдірге кезеңі, Катанды кезеңі, Тұяқты кезеңі, Қурай кезеңі, Балтырған кезеңі. Осы кезеңнің негізгі қорымдарына: Ұзынтал тал; Орақтай; Жоғарғы-Еланды; Үст-Бийке; Тыткескен, Көк-Паш, Күдірге, Үст-Қарасу, Меңдүр-Соққан, Қара-Қоба, Қурай, Катанды, Балык-Соок, Үлкен Жоламан, Тянгис-Тыт; Үст-Чоба-, Чоба, Чобур Ақ, Ақ-Алаха, Бертек, Қалжын, Ақ-Қобы (Ак-Кообы), Барбурғазы, Ұзынтал, Қурай, Талдыайыр Талдура, Юстыд, Қырлық, Бажынты, Жабыған, Үлкен Құрманақ, Қыпшыл, Малталы, Шадыр, Юстыд, Согонол, Талдура сияқты ең ірі ескерткіштерін жатқызамыз.

Ғылыми зерттеулер

Алтайдағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Ең алғаш іргелі зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі - В.В. Радлов.

А.В. Адрианов 1881 жылдары Алтайдың Шұлышман, Яан-Улаган және Башқауса өзендері аңғарындағы ескерткіштерге зерттеулер жүргізіп, ғылыми айналымға енгізеді.

Алтайдағы көне түрктердің жерлеу орындарын зерттеуде М.П.Грязнов, Г.П. Сосновский, С.В. Киселев және С.И.Руденколар да өз үлестерін қосты. Аталған ғалымдар Мемлекеттік этнография музейі тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі экспедицияларды басқарды.

Белгілі археолог А.А.Гаврилова Кудыргэ қорымын зерттелп, ғылыми айналымға енгізді. Оның бірнеше жылғы археологиялық зерттеулерінің нәтижесінде 1965 жылы «Могильник Кудыргэ как источник по истории алтайских племён» атты көлемді еңбегі жарияланды. Ғалым Алтайдағы Түрк дәуірінің бірден-бір құнды мұрасы Кудыргэ қорымын толықтай зерттеп, оны Алғашқы Түрк дәуірінің мұрасы деп тұжырымдап берді.

В.Д.Кубарев 1970 жылдары Алтай өңіріндегі көне түрк дәуірі қорымдарын зерттейді.

1960-80 жылдардағы С.Сорокин, Д.Г. Савинов, А.С. Могилниковтың зерттеулері сақ, түрк, қимақ дәуірі кезеңдерінен мол мағлұматтар береді.

XX ғасырдың аяғына қарай Алтай университеті археологиялық жұмыстарын жүргізе бастайды. Олардың қатарында, А.С. Суразаков бастаған археологтар Пазырық қорғанына зерттеу жүргізді [71]. Одан кейін бұл салада Л.М. Чевалковтардың аты да атала бастайды. Осы жылдары Ю.С.Худяковтың Алтай, Оңтүстік Сібір және Минусин қазаншұңқыры аймақтарына жүргізген археологиялық жұмыстары жемісті нәтиже берді. Жемісті жылдары атқарған істерінің жарқын көрінісі 1980 жылдарғы Эдиган өзені аңғарына жасаған қазбалары деуге болады. Ол, көбінесе сақ, ғұн, түрк, қырғыз және т.б. ежелгі тайпалардың қару-жарақтары мен әскери құрылымын зерттеп, көне түрктердің әскери өнерін әлемге танытты.

Қазақстанның Алтай аймағына қатысты түрк, қимақ-қыпшақ, дәуірлерінің археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі мен олардың мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуы С.С.Черников, Ф.Х.Арсланова, А.А.Чариков, А.С.Ермолаева есімдерімен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта Алтай өңірінде бірнеше археологиялық экспедициялар қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Мысалы, олардың қатарында Алей археологиялық экспедициясын, В.П.Семибратовтың басшылығындағы Катун археологиялық экспедициясын, 2002-2007 жылдары П.К.Дашковскийдің басшылығымен Краснощеков археологиялық экспедициясын, 1989-1992 және 2001 жылдардан бастап қайта қолға алынған Д.В. Папиннің жетекшілігіндегі Кулунды археологиялық экспедициясын, 1986‑2008 А.С.Федоруктың басшылығындағы Приобск археологиялық экспедициясын айтуға болады. 

Ғылыми әдебиет

Кубарев. Г. Культура древних тюрок Алтая (по материалам погребальных памятников). – Новосибирск,2005. – 232.  

Руденко С.И. Культура населения Центрального Алтая в скифское время. – М.;Ленинград, 1960. -359 с.

Кубарев В.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. // Новосибирск: 1984. 232 с.

Тишкин А.А., Горбунов В.В. Культурно-хронологические схемы изучения истории средневековых кочевников Алтая // Древности Алтая. Горно Алтайск, 2002. № 9. 8291                  бб.

Киселёв С.В. Древняя история Южной Сибири. // МИА № 9. М.-Л.: 1951. 364 с.

Гаврилова А. А. Могильник Кудыргэ как источник по истории алтайских племен. - М.; Л., 1965.

Кубарев. Г. Алтай түрктерінің жерлеу ескерткіштері. VI-VIII ғасырлар Евразиядағы түрк мұрасы (ғылыми-танымдық альбом) [Ғылыми ред. А.Досымбаева – Астана,                           Күлтегін, 2008, 264 б.

Тишкин А.А. Алтай в эпоху поздней древности, раннего и развитого средневековья (культурно-хронологические концепции и этнокультурная история). Автореферат                     диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук. Барнаул – 2006.

Гричан Ю. В., Плотников Ю. А. Архаичное стремя из Горного Алтая. // Евразия: культурное наследие древних цивилизаций. - Новосибирск, 1999. - № Вып. 2. Горизонты               Евразии. – С. 76-77.

Троицкая Т.Н., Новиков А.В. Верхнеобская культура в Новосибирском Приобье. // Новосибирск: ИАЭт СО РАН, 1998. 152 с.

Арсланова Ф.X. Памятники Павлодарского Прииртышья (VII-XII вв.). В сб.: «Новое в археологии Казахстана». Алма-Ата, 1968.

Горбунов В.В. Военное дело средневекового населения Алтая (III–XIV вв. н.э.): 07.00.06 – автореф. … док. ист. наук. – Барнаул, 2006. -55 с.



Пікір қалдыру