Диуани хикмет («Хикмет кітабы»)

Жалпы мәлімет

«Диуани хикмет» – Қожа Ахмет Яссауидің, толық аты Қожа Aхмед ибн Ибраһим ибн Ильяс Яссауидің өлеңдер жинағы. «Хикмет кітабы» - адам бойында көрінуі қажет ерекшеліктер, ислам дінінің негіздері, жұмақ-тозақ жайлары түсіндірілген дидактикалық шығарма. Яссауи хикметтерінде сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері жинақталған.

Алғашқы түпкі мәтіні сақталмаған. Көптеген көшірме нұсқалары бар. ХVІ ғасырда көшірілген ең ескі нұсқасының Ахмет Вефик Пашаның жеке кітапханасынан табылғаны белгілі (каталог № 1039). Негізгі белгілі нұсқалары: Санкт-Петербургтегі Ғылым Академиясының Шығыстану бөлімшесінде (№41), Өзбекстан Pеспубликасы Ғылым Академиясы мен Ташкент мемлекеттік университеті кітапханасы архивінде, Ыстамбұл университеті Түркітану зерттеулері институтының кітапханасында (№2497), Ахмет Жафероглу (жеке кітапхана), Емел Есин (Есин-Тек қоры кітапханасы), Манчестердегі Райландс кітапханасында (№67), Кония Мевлана мұражайында (№2583) сақтаулы.

Қазан (1878, 1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902, 1911) баспаларынан бірнеше мәрте басылып шықты. Ең толық нұсқасы - Қазан басылымы. 1878 жылы Қазанда басылған нұсқасы «Хикеми Хазрет-и Султанүл арифин Хожа Ахмед Йесеви» деп аталып, 67 хикмет және Аллаға мадақ өлең орын алған. Ыстамбұлда табылған нұсқалары ХІХ ғасырдың ортасында көшірілген.

Ғылыми зерттеулер

 А. Яссауи хикметтері туралы алғаш мәліметті А.Вамбери береді. Ал алғаш рет ғылыми тұрғыдан жүйелеп зерттеген ғалым – Ф.Көпрүлү. Кейін А.Н. Самойлович, Е.Э. Бертельс, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова Яссауи жырларын зерттейді. Сондай-ақ Э.Р. Рустамов, Н.М. Маллаев, В.И. Зохидов, М. Жармұмахамедұлы сияқты ғалымдар да Яссауи шығармашылығын зерттеуге өзіндік үлес қосты.

Ғылыми әдебиет

Vambery A. Cagataische Sprachstudien. - Leipzig, 1867.

Melioransky P. “Ahmed Yasawi”. In: Enzyklopaedie Des Islam, Bd, I. Leidenleipzig, 1913. - pp. 208-209.

Köprülü F. Türk Edebiyatında İlk Mutasavvıflar. – İstanbul, 1919.

Рустамов Э.Р. Узбекская поэзия в первой половине ХҮ века. – Москва, 1963.

Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. Избранные труды. – Москва, 1965.

Маллаев Н.М. Ўзбек адабиёти тарихи. – Тошкент, 1976.

Eraslan K. Divan-ı Hikmet’ten Seçmeler. – Ankara, 1991.

Пылев А.И. Ходжа Ахмед Ясави суфийский поэт, его эпоха и творчество. - Алматы, 1997.

Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Йассауи және Түркістан. – Алматы, 1999.

Фарида26 Қыркүйек, 2018

Жаксы

Фарида26 Қыркүйек, 2018

Жаксы айтылган кушти асер алдм десемде болады.

Ернур19 Қараша, 2018

Өлең жолдарынеге жоқ

Назерке22 Қараша, 2018

Даналык кытабы туралы неге толык емес?

аружан03 Желтоқсан, 2018

Неге олен жолдары жок

Гүлсезім11 Ақпан, 2019

Не себепті диуани хикметтің өлеңін жазбайсың

Гүлсезім11 Ақпан, 2019

Не себепті диуани хикметтің өлеңін жазбайсың.

Есенгүл 13 Сәуір, 2019

Өлең неге жоқ ????????

Есенгүл 13 Сәуір, 2019

Неге өлең ЖОҚ????????

Пікір қалдыру