«Зүрийн овоо» жартастағы мәтін

Жалпы мәлімет

 Қазiргi Моңғолияның Завхан аймағы, Баянтэс сұмыны «Зүрийн овоо»  деген жердегi жартаста бір жол мәтін және   төрт таңба қашалған. Мәтін жолы 3.25 м ұзындықта жазылған. Таңба-әрiптер биiктiгi 18-20 см.

Ғылыми зерттеулер

 Алғаш 1915 жылы Б.Я.Владимирцов  тапқан. 1969-1975 жылдары Моңғолия-Совет одағы бірлескен экспедиция тобы , Моңғолия Ғылым Академиясының Тiл және әдебиет институтының тобы бiрнеше рет зерттеген. Мәтіндік талдауын  М.Шинэхүү, С.Г.Кляшторный  жасаған.

Ғылыми әдебиет


Шинэхүү М. Тэсийн эртний түрэг бичээсийг дахин уншсан нь //  Studia archeologia, t.YII, fasc.1-9. -Улаанбаатар, 1977.  -113-119.

Кляшторный С.Г.  История  Центральной Азии и памятники рунического письма.  - Санкт-петербург, Филологический факультет СПбГУ, 2003. -242-274

Мәтін

Мәтін:

Б.Владимирцов бойынша: Алп ашұн түрк алпашұн бiтiдiм йазын бартым

М.Шинэхүү бойынша: Алп күл ….тепек алп құл бiтiдiм есен олұртұм

С.Г. Кляшторный бойынша: Алп шұл түпеш алп шұл бiтiдiм есен олұрты


Alıp şul tu Alıp şul bitidim esen olurtım

 

Алып Шұл тү Алып шұл бітідім (жаздым). Есен отырдым.


LUYpL

mTRLUnsmdtbLUYpL ut


Пікір қалдыру