«Долоодойн» бітіктасы

Жалпы мәлімет

 Қазіргі  Моңғолия Увс аймағы Түргэн сұмыны Хар ус деген жерден табылған. Онда ірі қорған  (шеңбері - 17,5 м), бітіктас анықталынған. Бітіктас қызғылт қоңыр  түсті гранит тастан жасалынған. Мәтін 4 жол, таңба әріптедің  биіктігі 7,5-8 см, ені 6,9-7,1 см, қашау тереңдігі 0,1-0,2 см. Бірінші жолдың (D-1) ұзындығы шамамен 105 см, екінші жол (D-2) - 102 см, үшінші жол (D-3)  103 см, төртінші жол (D-4) 102 см. Мәтіннің жол басы төменгі тұсынан жоғары қарай қашалған.  Мәтінде 68 таңба-әріп бар,  оның 30 таңба-әрпі анық көрінбейді. Таңба-әріптері Енисей бітіктастарына өте ұқсас. Увс аймағы Улаангом сұмыны өлкетану музейінде  орнатылған. 

Ғылыми зерттеулер

 1955 ж. моңғол археологы Ц. Доржсүрэн тапқан.      Ол бітіктастарды  алғаш тапқан сәтін былайша сипаттайды: « ... жергілікті тұрғындар айтқан  «жазу белгісі бар ескерткішті »   іздеуге шықтық,  тіпті адасып та кеттік , әйтеуір   әрең дегенде   таптық. Ол жер Түргэн сұмыны Хар Ус деген жердегі  «Долоогодойн бейіті» деп аталатын жазулы ескерткішті  екі ірі қорған екен.  Жергілікті тұрғындардың  «Долоогодойн бейіті» деп не себептен атайтынын білетін жан табылмады. Екі қорған да  өзен суының тасымен үйіп жасалған екен.  Алдыңғы үлкен қорған биіктігі 2 м. Шеңбері 20 м. Қорғанның төрт бұрышында әрқайсысының биіктігі  1 метр,  төрт қызыл гранит тас орнатылған. Шығыс жақтағы тас 57 сөзден тұратын 8 жол ұйғыр жазулы ескерткіш екен.    Ал, артқы жақтағы кішігірім қорғанның биіктігі 1м., шеңбері 17,5 м. Қорғанның күн шығыс бетінде  Орхон-енисей әрпімен жазылған 4 жол қызыл гранит ескерткіш  орнатылған . Біз фотосуретке түсіріп, ескерткіштің жазуын көшіріп алып,  аталмыш екі ескерткішті Увс аймағы өлкетану музейіне тапсырдық. Ұйғыр жазулы ескерткіштің жазуы өте жақсы сақталынған. Орхон-енисей жазулы ескерткіштің тұстары кетіліп көмескіле бастағандықтан оның  оқылуы да  қиын. Біз 1956 жылы аталмыш екі қорғанда археологиялық қазба жүргізгенбіз, алайда материалдық қандай да  бір зат табылмады ».   

 Бұл бітіктастың мәтіні жайында бұрын-соңды зерттеу жүргізілмеген. Бітіктастағы мәтіннің таңба-әріптері өшіп кеткен. Оның үстіне кезінде музей қызметкерлері  ақ бояумен таңба-әріптерін айқындамақшы болып  жөн-жосықсыз бояғандықтан мәтіннің оқылуы қиынға соғады.



              

Ғылыми әдебиет

Доржсүрэн Ц.  Долоодойн булш ба түүний бичээс // Археологийн судлал.  Studio Archaeologica. Tomus I, Fasc 2,  Улаанбаатар, 1960,  х. 3-4.

Rіtchen B.  Les dessigns pictographiques et les inscriptions sur les rochers et sur les steles en Mongolie. Corpus Scriptorum Mongolorum Instituti Linguae et Litterarum Academiae Scientiarum Reipublicae Populi Mongolici, Tom. 16, Fasc. 1, Улаанбаатар. 1968, 41 т.

Болд Л. БНМАУ-ын нутаг дахь хадны бичээс (Түрэг бичгийн дурсгал). Улаанбаатар, 1990, 30 т.

Монгол нутаг дахь түүх соелын дурсгал. Улаанбаатар. 1999. 209-210-р тал.

Мәтін


1.      Er atım Bilge çu[r]   [er]de[mim] .....

2.      ....  q  .. tеn üg...  e  ata  ağı    erdem

3.      ...l uluγ  kü ... . nüg e . çu [r]   e l d sim

4.      .  .  . gti .  ............  sü  s di  . l  ........  u



mmdrRUCglibmiTr

mdriGaTagunt

msdl...aRUCaGun...XGULU

u...l...ids.us...itg





Пікір қалдыру