"Шанаган хэв" ("Ачит нуур" ) бiтiктастары

Жалпы мәлімет

Қазiргi Моңғолияның Ұбсы аймағы, Бөх мөрөн сұмыны "Ачит" көлден 17 км батыста Шанаган хэв деген жерде үш тас ескерткiш шығысқа қарап қатар орналасқан. Ғылыми зерттеулерде  A, B, C деп белгіленген. Өлшемдері: А - 2,6 х 0,85 м, B - 1,35 х 0,9 м, C - 1,8 x 1,05м. А таста - 2 жол мәтін, батыс жағының түбiнде ұзындығы 34.5 см таңба қашалған. B  таста - 1 жол мәтін, батыс жағының түбiнде ұзындығы  40 см таңба қашалған.C таста – жазу жоқ, батыс жағының түбiнде ұзындығы 36 см таңба қашалған.

Ғылыми зерттеулер

Ғылыми зерттеулер: 1979 жылы моңғол аохеологi Н.Сэр-Оджав, Д.Дорж  тапқан. 1980 жылы Моңғолия-Совет экспедициясы тағы да зерделейдi. С.Г.Кляшторный, С.Харжаубай мәтін талдауларын жариялаған. Соңғы кездердегі жаңаша зерттеуді Ц.Баттулга жасады. 

Ғылыми әдебиет

Кляшторный С.Г. Эпиграфические работы в Монголии // Археологические открытие, -Москва, 1980. -87-89.  

Харжаубай С. Монгол нутгаас олдсон  түрэг бичээсүүд // Хэл зохиол , 16-р боть. 1-19 -р дэвтэр.  -Улаанбаатар, 1987. -79-80.

Баттулга Ц. Түрэгийн үеийн руни бичгийн дурсгалууд // Төрбат Ц., Баяр Д., Цэвээндорж Д., Баттулга Ц., Баярхүү Н., Идэрхангай Т., Жиксар П.Х.  Монгол Алтайн археологийн дурсгалууд.I боть. -Улаанбаатар, 2009.-424. (106-111).

Баттулга Ц.  Шанаган хэв (Ачит нуур)-ийн бичээс // Altaica.XIV. -Улаанбаатар, 2018. -42-53. 

Мәтін


Ц.Баттулганың зерттеуі бойынша:

itNUK aYmK zK TRC iTRlC

anb inuK ynlj

 

1. aš el artï : ačartï: keze : kemiše: kunti (qunti)

2. yeleniŋ küni ebine



Ц.Баттулганың зерттеуі бойынша: 2-нші мәтін


glriDmkJglb iRU K iDmU


1. umtï /umdï/ : eke : urï : bilig: ayïqmadï; erlig




Пікір қалдыру