Көне түріктердің наным-сенімдері

Жалпы мәлімет

Көне түріктердің наным-сенімдері, жалпы философиялық көзқарастары туралы төлтума толыққанды тарихи жазба деректер әзірше табылмаған. Алайда, олардың байырғы сарқыншақ көріністері мен кейбір нақтылы болмыстарының қалдығы іспетті тұстарын  қазіргі түрік халықтарының фольклорлық деректерінде және ортағасырлық «Қорқыт ата», «Құтадғұ білік» сынды  туындылардан  аңғаруға әбден  болады.

Көне түріктердің салт-дәстүрлеріне байланысты зерттеулерде археологиялық, жазба ескерткіштердің мәліметтерін көбінесе қазіргі түрік тілдес халықтардың, әсіресе алтай, хакас, тыва этностар шеңберінде ғана түсіндіріп бағу әдетке айналған. Бұдан түрік этнографиясының толыққанды кешенді талдаулардың жетіспей жатқандығын білуге болады. Мысалы көне түріктердің дүниетанымын алтай, тыва qam > қам (моңғолша  böge > бөө, niduγan > удган; тұңғысша  sam+an > шаман)  бақсылардың  ерекшеліктерімен ғана пайымдап түсіндіріп келеді.

Көне түріктерде Тәңірлік үштік дүниетаным болғаны айдан анық. Тәңірілік таным үштік құрылым, үш жүйелік қарым-қатынастар  бойынша сараланды. Демек, көне түрік қоғамын сол қоғамның көшпелі өркениетінде бекем орныққан  «Тәңір-Кісі-Жер» деген  жалпы үштік  құрылымсыз  түсіндіруге келмейді. Олар:

1. irytTeŋіri > Тәңірі,

2. iLGUisiK -  Kisi oγulï > Кісіұлы ,

3. rj  - Jer > Жер

Күлтегін, Білге қаған бітіктасы мәтінінде былай делінген:

«Üze Kök: Teŋіri:asïra:yaγïz: Jer: qïlïntaquda: ekin ara: Kisi oγulï: qïlïnmïs:kisi:oγulïnta: üze: ečüm apam:  Bumïn qaγan:Estemi  qaγan:olurmïš: olurupan:

Türük:budunïγ:  Elin:törüsün:tuta:bermis: iti:bermis:»- «Үстіңгі жоғарыда  Көк Тәңірі, Астыңғы төменде қоңыр (қатты) Жер жаратылғанда Екеуінің  арасында  Кісі ұлдары ( адамбаласы) жаратылған екен. Кісі ұлдарын ( адамбаласын) билеп ата-бабам Бұмын қаған, Естемі қаған   отырды. Олар билік етіп отырып, Түрік халқының Елдігін, төрелігін  ұстай білді, жетілдіре білді» деп көне түрік танымдық болмысын айқын көрсетеді.  

Көшпелі этностарда «Тәңірі» атауы сан ғасырлар бойы қолданылып келді. Демек көшпелілер «Тәңірі» деп нені, қандай болмысты атағаны, оның  тарихи-этнографиялық мәні, мазмұны, жөн-жосығы туралы  зерттеуші ғалымдардың  пікірі әр түрлі болып келеді. Бірсыпыра зерттеушілер мифологияға, тотемизмге, патриалхальдық наным-сенімге байланыстырса, кейбіреулері  «қам, шаман, бақсылық»-пен тығыз қарастырады, соңғы кездері «Тәңіршілдік, Тәңірі діні (Тенгрианство)» деп те атайтын болды.

Аталмыш атауды көшпелі этностардың «құдайы, алласы, буддасы, исусы» деген тәрізді діни постулаттармен түсіндірудің де еш бір қисыны келмейді. Әңгіменің түп төркіні көшпелілердің дүние танымдық философиясының тамырында жатыр. Таратып айтсақ, Тәңірі  атауы оның болмысы мен шынайы табиғаты көшпелілерде «иудаизм, зорастризм, манихеизм, буддизм, христиан, ислам» -нан бұрын қалыптасты деп батыл айтуға болады. Бұдан Тәңірі - барлық діндарлардың атасы болды деген ойдан аулақпыз. Керісінше,  Тәңірі атауын көшпелілердің «құдайы, алласы, буддасы, исусы» болдырған,  солай атап кеткен діни туындылар, тарихи миссионерлік фактілер баршылық.  Мысалы, көшпелілердің Тәңірі- атауымен буддизмдегі Будданы - «тәңрі тәңрісі»,  манихеизмдегі  құдайлардың мекенін – «тәңрі йері» және  т.б. атады. Сондықтан болар көшпелілердегі Тәңірі  атауы тарихи талай замандарда Орталық Азияға келген діни миссионерлердің іздегені, негізгі нысанасы да болып кетті,  бір сөзбен айтқанда Тәңірі - «құдай, алла, будда, исус» -қа баланып айтылды-да

Тәңірі - көне түрік бітік тілінде «Teŋri » (Теңірі), көне моңғол тілінде «tŋri> teŋri > teŋgeri» (теңгері> тэнгэр) деп жазылды. Тұңғыс-манжұр тілдерінде «tenere, taŋara, tener» тұлғасында кездеседі. Сөздің  шығу тегі «таң, таң+ертең» деген сөздерімен байланысты,  «жарық, күншығыс, күнтумысы» деген семантикалық мағыналы, мәндес. Бұл ретте Teŋіri> Тәңірі - көне түрік таным түсінігі бойынша «1.Тәңірі-2.Кісі-3.Жер» үш қырының ең бірінші тұратын үстем қыры. Тәңірі – субстанциялық ұғым. Ол тотемдік, фетишизмдік,  мифологиялық және де  құдай, пайғамбарлық ұғым емес. Түріктердің түсінігінде Тәңірі -  «көк аспан кеңістігі, шаңырақтай үстіміздегі әлем, дөңгелек,  жарықты жоғарғы күмбез ».  Бір сөзбен айтқанда , Тәңірі деген жерге қарама- қарсы көк аспан кеңістігі деген ең  негізгі ұғымды білдіреді.

Jer>Жер - «1.Тәңірі-2.Кісі-3.Жер» үш қырының екінші  тұратын қыры. Жер – көшпелілердің  киелі де қасиетті  ұғымы.

Türük ïduq jeri  subï  - Түрік ұйық жер суы. «Жер ана, жер ұйық» деген атаулардың  барлығы осы киелі  атаумен байланысты.

Kisi oγulï > кісі ұлы.  Көне түріктерде  «адамзат»  яғни кісі атаулылар. «1.Тәңірі-2.Кісі-3.Жер» үш қырының үшінші қыры. Демек осы үштік құрылым  негізінде  түрік қоғамының   саяси құрылымы мен билік жүйелері  реттелген. 

         Teŋiri qaγan > Тәңірі  қаған. Тәңірі қаған 739-741 жж. билік құрған. Қағандық атағы: Bilge qutluγ qaγan > Білге құтлұғ қаған. Өз аты: ?.   Білге қағанның екінші ұлы.

Teŋiri uyγur qaγan > Тәңірі ұйғұр қаған. Қағандық атағы: Teŋiriken  Ay Teŋiride qut bolmïš alïp Bilge Teŋiri Uyγur Qaγan > Тәңірікен ай Тәңіріден құт болған Білге Тәңірі Ұйғұр қаған.  Өз аты: ?

Teŋri yarïlqaduq üčün > Теңірі йарылқадұқ үчүн. «Тәңірі жарылқағаны үшін». Тәңірінің ұйырығымен, оның жарылқауымен деген этномәдени қолданыс.

Teŋride bolmuš El Etmiš Bilge qaγan> Теңіріде болмұш Ел етміш Білге қаған.  «Тәңіріден болған Ел еткен білікті қаған». Ол 747- 759 ж. билік құрған  .  Оның аты көне және т.б. : El Etmiš  Bilge qaγan,  қытай деректерінде :  Гэлэ-хан Мояньчжо (Мойын-чұр // Баян-чұр) .

Teŋіri küč  >  теңірі күч.  Тәңірдің  күші 

Teŋіri qan > теңірі қан. «Тәңірі хан»

Teŋіri qut > теңірі құт. Тәңірдің құты ,

Teŋіriteg Тeŋiride bolmuš Türük  Bilge  qaγan> Тәңірітег Тәңіріде болмұш Түрік Білге қаған.  Тәңірітек Тәңіріден болған Түрік Білге қаған. Білге қағанның  (683-734) ресми қағандық атағы. 

Teŋіriteg>Теңірітег. «Тәңірі текті, Тәңіріден» деген мағынадағы ырым жосындық атау.

Türük Teŋrisi  > Түрік Тәңірісі. 

Kök Teŋrі >  Көк Тәңір.

Umay>Ұмай. «Ұмай». Көне түріктердің Тәңірілік таным түсінікте Жер ананың этносимволдық жалпылама атауы.

Iduq jer > ыдұқ йер.  Ұйық жер. Жерұйық деген атау.

Jer suw >  Йер суб. Жер су. 

Тәңірге, Жерге, Аруаққа табыну дәстүрі түріктердің күнделікті тіршілігіндегі маңызды істер болды. Бір сөзбен айтқанда, көне түріктер табиғатпен біте-қайнасып өмір кешкендіктен қоршаған ортаға деген қастерлі ілтипаты, экологиялық тазалықты сақтау істері айрықша дәстүрлі болды.   

Осы орайда көшпелілерде «эрлик, тозақ, төмеңгі қорқынышыты әлем» секілді  түсініктер жоқ, оларды бар деп пайымдауы  өзге діндерге теліп, бағып жүрген пікірлері болмақ. Сондықтан да көне түрік  археологиялық, этнографиялық материалдарды талдауда осы үштік құрылымдық болмысы  ескерілмей  келген тұстары да баршылық.

ugyb     Beŋgü   беңгү. «Мәңгілік».

liugyb   - Beŋgü el> беңгү ел. «Мәңгілік ел».

du    öd > өд. «Көне түрікше 1.шақ, уақыт, мерзім, 2. заман, дәурен, 3. жазмыш, тағдыр» дегенді білдірген. Қазіргі моңғол тілінде «өдгөө, эдүгэ, одоо» (қазіргі заман, қазір, енді) деген мағынасы сақталынған. Түрік, моңғол тілдерінде öd- // öt - >өд -// өт-  түбірден «уақыт, мерзім, заман, уақыт өту, мерзім болу» деген семантикалық өрісті білдіретін сөздер туындаған.

Yasar> йасар. «Анықтаушы, жасаушы».

            Öl > өл-. «Өлу, қайтыс болу». Көне түріктерде «жұмақ, жәннәт» деген ұғым жоқ әрі адам баласы «Мәңгілік көк Тәңірінің мәңгі емес баласы» деген түсінікпен қарайтын жосыны болды. Демек, өлім түріктер үшін Тәңіріге ұшу , сол жаққа кетумен түсінідірілді.

              Көне түріктерде адам қайтыс болса, «Тәңіріге ұшты» деп атайды. Бұл ежелгі танымның сарқыншағы болса керек. Далалық көшпелілердің әсіресе, көне түрiктердің Тәңiрлiк танымы бойынша қыран, жыртқыш құс көктiң иесi, аспанның киесi, жоғарғы әлемнiң елшiсi, қанаттылардың төресi саналады.  Демек, байырғы түрiктердегi Тәңiр-Кiсi-Жер деген үштiк құрылым бойынша төрелiк билiк мәңгілік көк аспаннан жаратылады, қайтас болғандар соған кетеді деп танылады.  Көк Тәңірдің қасиетті қыран құстарын  қастерлеу, олардың атауларын қолдану бағзыдан келе жатқан ырым-жосындық ата дәстүр.

              Мысалы, Әбiлғазы Баһадүрханның «Шежире-и түрiк» еңбегінде Оғұз қаған аңызына байланысты оның 24 ұл немересiнiң құстары, таңбалары жайлы да осы құт, құс танымымен сабақтастырып айтуға болады. Мысалы, шежіреде аталатын құстардың атауы: сұңқар, күйгенек, көбек сары, тұрымтай, қырғұ, қызыл қаржығай, көжген, жере лажын, сарыша, бақари (қарға), су бүркiт,ала тұғанақ, бұғдайнақ, құмай, енчары, йағалбай, бiқұ, қаршығай, ителғұ, тұйғұн, чере қарчығай

                «Дафтар-и Чингизнамеде» : Шыңғыс ханның өзінің ұраны Жан қаба деген еді. Шыңғыс хан осы айтылған бектерінің әр біреуін әскер басы етіп орда алуға жіберер еді. Ол ұлы үлкен ауыр шараларда халық ұлдары бір-біреуін ұран-ұранымен іздеп табады екен. Енді барша ұрандардың аты  мынау: әуелі ұраны  Жан қаба , одан соң барша билердің ұрандары бұлар: Аружан,  Қоңырат, Салауат Алаж, Тұтйа, Тоқ саба, Ақ тайлақ, Ер бөрі, Байқоңырат Ақ тоған,  Бұрыж, Тайлақ , Арнау,  Барлаш,  Табан және де мағлұм болғаны,  Шыңғыс хан киік аулауға шығар болса, осы айтылған билердің құстарын бірге алып шығар екен. Ол құстардың баршасын тізбектеп айталық, әуелі Шыңғыс ханның өз құс /екі/ Бас Қарақұс  екен, өзге бектердің құстары мынау: сұңқар, лашын, қарақұс,  қаршыға,  қырғи,  бүркіт,  ителгі, қаз, тырна, күшіген , хөдхөд , қауду,  көгершін,   сауысқан

              Тәңiр жарылқаушыдан игi жақсыны тiледi, оған табынып тәңiрдiң киесi де, иесi де құсқа баланды. Шын мәнiсiнде байырғы түрiк дәуiрiнде қыран құстың қырағылығы, алғырлығы, көк тағылығы ерекше мән мағынаны бiлдiрдi. Оған сай этномәдени үрдістері қалпытасып дәстүрлі ұғымдар да бекіді.Сондықтан болар билiктiң белгiсi, рәмiзi ретiнде бүркiт, сұңқар сияқты қыран құстардың бейнесi айрықша мәнде қолданылды. Мұны Орталық Азиядағы тау, жартастарда кездесетiн петроглиф суреттер, археологиялық қазбалардан табылған деректер және жазба ескерткіштер растайды. Тiптi, сол байырғы замандардан көшпелiлер ту-байрақтарында қыран құстарды рәміздеп қолданылған деп айтуға да болады.


Пікір қалдыру