Көне түрк бәдіз-тасмүсіндер
Жалпы мәлімет
Bediz > бәдіз. Көне түрктерде bediz > бәдіз - аруаққа арналған ғұрыптық кешендерінің құрамдас бір бөлігі. Көне түрк тілінде оны bediz > бедіз > бәдіз деп атады. Бәдізді яғни «тасмүсінді» і мәрмәр, құмдақтас, гранит, сланец, базальт және т.б. тас түрлерінен арнайы бәдізшілер, тас шеберлері жасады. Сөздің төркіні «bet->бет //bed->бед- » түбiрлерiмен «бет, бедер, бейне, бой, дене, тұлға» деген семантикасымен ортақ мағыналы болып келеді. Көне моңғол, манжұр тілдерінде beye>бие «дене, тұлға» деген мағыналы сөздер де аталмыш көне түрк тілінің атауымен ортақ болып табылады.
Демек, бәдіз - «бет әлпеті бар, бой денесін сомдаған тастар» деген ұғымды білдіреді. Көне моңғол, манжұр тілдерінде beye > бие «дене, тұлға» деген мағыналы сөздер де аталмыш көне түрік тілінің атауымен ортақ мағыналы болып табылады. Алайда, бірнеше ғасырларға ұласқан аталмыш атау қазіргі түрік, моңғол тілдес халықтарында алуан түрлі аталып кетті. Мысалы, алтайлықтарда «көжөгө таш» (ескерткіш тас), хакастарда «иней тас» (қарт тас), «көзее паласы» (ескерткіш баласы), моңғолдарда «хүн чулуу (адам тас)», «хөшөө чулуу (ескерткіш тас)», «хүн чулуун хөшөө» (адам тас ескерткіші), қазақтарда «сынтас (сымбатты, келбетті тастар), кісі тас, тас алып, тас батыр, тасмүсін, мүсінтас, тас ескерткіш» секілді атаулар да бар. Мұның барлығы көне түрік дәуірінде қалыптасқан аталмыш бәдіз қашау салтының әр түрлі кезеңдердегі түрлі атаулары. Қазіргі қазақ тілінде «бәдіз – тастан шауып жасаған мүсін», бәдізші- зат. көне. «тас қашаушы, тас өрнектеуші, безеуші, шабушы шебер» , «тастан мүсін жасап, тас өрнектеуші адам» деп түсіндірген.
Демек, көне түрік тілінде «бәдіз» деп «адамның (немесе жануардың) бейнесін тастан қашап жасағанын» атаған, «bediz urturtum> «бәдіз ұрғыздым», «тастан мүсін қашап жасаттым» деп атаған.
Күлтегінге арналған бітіктасында, оның қайтыс болуына байланысты « ... yoγčï sïγtačï Qïtań, Tatabï budun bašlayu Udur Seŋün kelti. Tabγač qaγanta Isіje Likеŋ kelti. Bir tümen aγï, altun , kümüš kergeksiz kelürti. Tüpüt qaγanta Bülün kelti. Qurïyakün batsïqdaqï Soγud, Berčеker, Buqaraq ulus budunta Іneк Seŋün Оγul Тarqan kelti. On oq oγulum Türügeš qaγanta Maqrač tamγačï Oγuz Bilge tamγačï kelti. Qïrqïz qaγanta Tarduš Ïnanču Čur kelti. Barïq itgüči, bediz yaratïγma, bitigtaš itgüči Tabγač qaγan čiqanï Čеŋ Seŋün kelti» - «...жоқтаушы сықтаушы Қытаң, Татабы халқын бастап Ұдұр сеңгүн келді. Табғач-қытай патшасынан Ісійе Лікең келді. Бір түмен бума жібегін, алтын күмісін көп алып келді. Тибет патшасынан Бүлүн келді. Күн батыстан Соғд, Берчекер, Бұқарақ ұлыстары халқынан Інек сеңгүн Оғұл тархан келді. Он Оқ ұлымыздан, Түргеш қағанынан Мақрач таңбашы, Оғыз Білге таңбашы келді. Қырғыз қағанынан Тардұш ынанчұ чұр келді. Барық жасаушы, бәдіз жаратушы, бітіктас қашаушы Табғач патшасының жиені Чең сеңгүн келді...» деп анық баяндайды.
Шығыс Моңғолиядан Орталық Еуропадағы Эльба өзені бойына дейінгі кеңістіктегі көшпелілердің әр түрлі тарихи кезеңдерге қатысты адам бейнелі тасмүсіндердің басым тобы VI-XIV ғасырлар аралығында сомдалып қашалған.
Көне түрк дәуірінің тасмүсін өнерінің ерекше туындыларын Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Алтай, Хакасия, Тыва, Шығыс Түркістан (ҚХР), Ішкі Моңғолия (ҚХР) және т.б. жерлерде кездеседі және қазіргі таңда белгілі олардың жалпы саны екі мыңнан астам. Түрік дәуірінен кейін сол тарихи сабақтастық дәстүр бойынша «моңғол», «қыпшақ» типті бәдіздер де кең таралды. «Моңғол» типті бәдіздер қазіргі Моңғолияның оңтүстік шығыс аумағында кездессе, «қыпшақ» типті бәдіздер Қазақстан, Оңтүстік Орал, Украина жерлерінде көптеп ұшырасады.
Археолог Д. Баяр шығыс Моңғолиядағы бәдіздерді зерттеп «Моңғолдардың тас бейнелері» деген арнайы монографиялық еңбек жариялады. Онда 69 бәдіздің ғылыми сипаттамасын жасап, бас киім, киім кешек үлгілері, белдік, шаш бұрымдары, отырған орындық және т.б. жан-жақты салыстырмалы зерттеу жүргізіп, оларды моңғол типті бәдіз XII- XIII ғасырларға қатыстылығын дәлелдейді. Демек көне түрктердің этномәдени дәстүрі моңғол дәуірінде де сабақтасып келгендігі анық болып отыр.
Тас мүсіндер немесе көне түркше бәдіздер – Орталық Қазақстанның Ұлытау төңірегіндегі тарихи екі дәуірді қамтитын тас мүсіндер тобы. Түрік қағандығы (VII /VIII ғасыр) кезіндегі тас мүсіндер – қол бастаған көсемдерді, ел басқарған билерді, абыз-ойшылдарды бейнелесе, қыпшақ заманындағылары (VII-ХІІІ ғасыр) еңбек адамдарын, қолына құты ұстаған әйелдерді, қобызшы-жырауларды мүсіндеген. Қыпшақ заманындағы тас мүсіндер Ұлытау мен Едіге тауына жақын тұрған Жетіқыз, Тамды, Қараторғай, Арғанаты бойында да ұшырасады. Бұлардың ерекешелігі – тас обалардың үстінде не іргесінде тұрады. Едіге тауының батыс іргесінде (таудан 8-10 шақырым) оңтүстіктен солтүстікке бағыттай тартқан үш оба бар. Жас әйелдің келбетін бейнелеген тас мүсін ортадағы обаның батыс үстінде, беті күншығысқа қаратылған. Жұмсақ құмайт тастан қашап түсірілген тас мүсіннің бет-пішіні, төгілген бұрымдары, омырауындағы алқасы келістіре безендірілген. Тап осындай мүсін тастар Едіге тауының түбіндегі Қорғантас, Жылысай, Өрезайырда да кездеседі.
Bedizčі > бәдізші. Тас қашаушы, тас өрнектеуші, безеуші, шабушы шебер, тастан мүсін жасайтын маман , тас өрнектеуші адам.
Ғылыми әдебиет
Баяр Д. Археологические изучение поминального памятника в честь Билге кагана // Орталық музей еңбектері .- Алматы, 2004, -№1 , -214-223-бб.
Баяр Д. Монголын төв нутаг дахь түрэгийн хүн чулуу. - Улаанбаатар. 1997.- 108.
Баяр Д. Новые археологические раскопки на памятнике Бильге-кагана // Археология, этнография и антропология Евразии.- 4 (20) 2004. СО РАН. –С.73-84.
Баяр Д. Білге қағанға арналған ескерткіш кешенінде жүргізілген археологиялық зерттеулері // «Shygys.Шығыс» ғылыми журнал, 2005, -№1, -115-125-бб.
Баяр Д. Каменные изваяния из Сухэ-баторского аймака // Древние культуры Монголии. –Новосибирск, 1985. –С. 148-159.
Баяр Д. Монголчуудын чулуун хөрөг XIII-XIV зуун. -Улаанбаатар, 2002. -256.
Баяр Д. Уникальный памятник древнетюркского исскуства в Западной Монголии // Тюркологический сборник. Ин-т востоковедения РАН, С.-Петерб.филиал.-М.:Вост.лит., -2006. –С. 63-76.
Баяр Д., Мөнхтула Р., Хүрэлсүх С. Олон нуурын хөндийн дурсгал // Шинжлэх ухааны академийн мэдээ. –Улаанбаатар, 2008, № 2 , - 108-117 тал.
Баяр Д., Эрдэнэбаатар Д. Монгол Алтайн хүн чулуун хөшөө. - Улаанбаатар, 1999. – 166.
Бисембаев А.А. Серия каменных изваяний из фондов Актюбинского областного историко-краеведческого музея // Известия МОН НАН РК.Серия общественных наук. 2000.-№1. –С. 78-83.
Бямбадорж Т., Амартүвшин Ч. Увс аймгийн нутаг дахь түрэгийн үеийн зарим хүн чулууд (Тэмдэглэл). // Археологийн судлал. Tomus XVIII , Fasc.10. Улаанбаатар, 2000. -116-124 х.
Войтов В.Е. Древнетюркский пантеон и модель мироздания в культово-поминальных памятниках VI-VIII вв. - М.,1996. - 152 с: ил.
Войтов В.Е. Древнетюркские памятники на Хануе // СА. -1986.-№4.-С.74-89.
Войтов В.Е. Каменные изваяния из Унгету. // Центральная Азия. Новые памятники письменности и искусства. — М.: Наука, 1987. — С. 92-109. Рис.1-7.
Гаврилова А.А. Могильник Кудыргэ как источник по истории алтайских племен. М.-Л., 1965.- 145с.
Гераськова Л.С. Классификация скульптуры средневековых кочевников Евразийских степей // Новые методы археологических исследований. Сб. науч.тр. – Киев. 1982. -С.119-143.
Грач А.Д. Древнетюркская каменная фигура из района Мунгу-Харйхан-ула (Юго-Западная Тува) – КСИЭ. Вып.XX. -1958.-С.151-158.
Грач А.Д. Древнетюркские изваяния Тувы (по материалам исследований 1953-1960 гг.). -М., 1961.- 95 с., ил.96.
Доржсүрэн Ц. Археологийн судалгаа. Эрдэм шинжилгээний бүтээлийн эмхэтгэл. - Улаанбаатар, 2003. - 121 х.
Досымбаева А. Мерке –сакральная земля тюрков Жетысу. - Тараз, 2002.-108с.
Досымбаева А. Западный Тюркский каганат. Культурное наследие казахской степи. ОФ «Тюркское наследие». - Алматы, 2006. -166 с.
Евтюхова Л.А. Каменные изваяние Южной Сибири и Монголии // Материалы и исследования по археологии СССР. №24. - М.,1952. - С.71-120.
Евтюхова Л.А. Археологические памятники енисейских кыргызов (хакасов). - Абакан, 1948.-110с.
Ермоленко Л.Н. Древнетюркские изваяния с сосудом в обеих руках // Первобытная археология человек и искусство. Сборник научных трудов посвященный 70-летию со дня рождения Я.А.Шера. - Новосибирск, 2002.- с.188-192.
Ермоленко Л.Н. Средневековые каменные изваяние Казахстанских степей (типология, семантикав аспекте военной идеологии и традиционного мировозрения). Новосибирск, 2004. -132с.
Ермоленко Л.Н., Курманкулов Ж.К. Святилище на реке Жинишке и проблема первоначального вида кыпчакских изваяний // Археология, этнография и антропология Евразии. 3(11) 2002. СО РАН. –С.78-87.
Ермоленко Л.Н., Курманкулов Ж.К., Баяр Д. Изображения тюрков с посохом // Археология Южной Сибири. - Кемерово, 2005.- С.76-81.
Ермоленко Л.Н., Курманкулов Ж.К. Оригинальное изваяние из фондов Карагандинского историко-краеведческого музея // Археология Южной Сибири. К 80 летию Я.А. Шера. Вып. 25, -Кемерово: РИО КемГУ, 2011.-200с., 4 с.цв.вкл.
Кастанье И. Историко-сравнительный этюд о каменных бабахь Киргизскихь степей и Россіи вообще вь связи сь каменными изваяніми Франціи Германіи и прочихь странь – (разные виды воспроизведенія черть лица умершихь вь связи сь полоненіемь предкамь). - С.303-332. Табл: I-XXI. // Труды Оренбургской ученой архивной комиссіи. Вып. XXII. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. Составиль І.А. Кастанье. - Оренбург, 1910.
Киселев С.В. Древняя история Южной Сибирии. Материалы и исследования по археологии СССР. М.,1949.-364 с.
Клеменц Д. А. Археологический дневник поездки в Среднюю Монголию в1891 г. // Сборник трудов Орхонской экспедиции, II. - Санкт-Петербург, 1895 -С. 48-59.
Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического письма. - Санкт-петербург, Филологический факультет СПбГУ, 2003. – 560с.
Көжөгө таш. Каменные извания Алтайских гор. Составитель В.Э.Кыдыев. –Горно-Алтайск: Ак-чечек, 2007.-168 с.
Кубарев В.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. -Новосибирск, 1984.-230 с.
Кубарев В.Д., Баяр Д. Каменные изваяния Шивет-улана (Центральная Монголия) // Археология, этнография и антропология Евразии. 4 (12) 2002. -СО РАН. –С.74-85.
Кубарев В.Д., Цэвээндорж Д. Древнетюркские изваяния у г.Шивээт-харйхан и у оз.Даян (Монгольский Алтай) // Древности Алтая. Известия лаборатории археологии № 4. Сборник научных статей. - г.Горно-Алтайск. -С.169-172.
Кубарев В.Д., Цэвээндорж Д. Древнетюркские мемориалы Алтая // Археология, этнография и антропология Евразии. 1 (9) 2002. -СО РАН. –С.76-95.
Кубарев Г.В. Культура древних тюрков (по материалам погребальных памятников). – Новосибирск: Изд-во Института археологии и этнографии СО РАН, -2005. – 400 с.
Кызласов И.Л. Новый тип поминальных памятников тюркоязычного населения Южной Сибири (к рассленеию и ранней истории Чиков) // Российская археология. 2010. -№4. –с.88-100.
Кызласов Л.Р. Древняя Тува (от палеолита до IX в.). -М.: Изд-во Московского университета, 1979. – 207 с., 156 ил.
Кызласов Л.Р. О назначении древнетюрксикх каменных изваяний, изображающих людей // Советская археология., 1964, № 2, -С. 27-39.
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. IV том.Әулеттік тарихи жылнамалар. 2-бөлім. -Алматы: Дайк-Пресс, 2006. -480 б.
Маргулан А.Х. Сочинения в 14 томах. Т.3. Петроглифы Сарыарки. Гравюры с изображением вольчего тотема. Т.4. Каменные изваяние Улытау. /Сост. Д.А. Маргулан, Д. Маргулан /. Алматы. 2003 .-50с. + вкл 246с.
Монгол нутаг дахь түүх соелын дурсгал. Сэдэвчилсэн лавлах. -Улаанбаатар, 1999.-286х.
Мэнэс Г. К археологической характеристике северо-восточной и западной групп каменных статуи монгольского времени // SA, T. XV, f. 8. УБ., 1995, 73-86
Новгородова Э. А. Памятники изобразительного искусства древнетюркского времени на территории МНР. // ТС-1977, М., 1981, 203-218
Очир А., Эрдэнбаатар Д., Гүнчинсүрэн Б. Монгол-Японы хамтарсан археологийн хээрийн шинжилгээний ангийн тайлан. - Улаанбаатар, ТХГБС, 1999. – 60.
Плетнева С.А. Половецкие каменные изваяния // Свод археологических источников. Вып. Е 4-2. - М., 1974.-200 с.
Потанин Г.Н. Очерки Северо-западной Монголии. Вып. II. - СПб., 1881. –280 с.
Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Рубрука (Дживанни дель Плано Карпини «История Монголов» , Гильем Де Рубрук «Путешествие в восточные страны») Редакция , вступительная сиаиья и примечания Н.П: Шастиной. М., 1957. – 271 с.
Пэрлээ Х. Хүн чулуун хөшөөний үүсэл хувьслыг судлах тухай // Монголын эртний түүхийн судлал. SA, Т. YII., f. 2. УБ., 1977, 14-19
Радлов В.В. Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии. Издан по поручению Императорской Академий наук В.В. Радловым. - Санктпетербург. Типография императорской академий наук: 1892. -С.1-10, Таблица I-LXX.
Радлов В.В. Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии. Издан по поручению Императорской Академий наук В.В. Радловым. Выпуск третий. Табл. LXXXIII-CIV. - Санктпетербург. Типография императорской академий наук: 1893. -С.1-5.
Радлов В.В. Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии. Издан по поручению Императорской Академий наук В.В. Радловым. Выпуск второй. Табл. VI, XXVII, XXXVI, LIII, LXI, LXXI-LXXXII. С двумя маршрутами Орхонской экспедиции. - Санктпетербург. Типография императорской академий наук: 1893.-С.1-16.
Радлов В.В. Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии. Издан по поручению Императорской Академий наук В.В. Радловым. Выпуск четвертый. Табл. CV-CXVIII. - Санктпетербург. Типография императорской академий наук: 1893. -С.1-9.
Самашев З., Базылхан Н., Баяр Д. Древнетюркские каменные извания Евразийских степей // Мәдени мұра. Культурное наследие. № 1 (22) қаңтар-наурыз. 2009. –Астана. –С. 30-39.
Самашев З., Базылхан Н., Самашев С. Көне түрік таңбалары. Древнетюркские тамги. –Алматы: Abdi company, 2010. -167 б.
Сатыбалдиева М. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорындағы тасмүсіндер коллекциясы // Орталық музей еңбектері-II.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2010. - 536с. (-189-198 бб., 1-7 сурет.)
Сэр-Оджав Н. Хүл Тегины булшнаас олсон хүн чулууны толгой. SA, T. I, f. 6. Улаанбаатар, 1956.
Сэр-Оджав Н. Шинээр олдсон хүн чулууд. ШУАМ. Улаанбаатар, 1984, №4, 40-50
Сэр-Оджав Н. Монгол-Чехословакийн эртний судлалын хээрийн шинжилгээний ажлын тухай. ШУТ. –Улаанбаатар, 1958.- № 5-6. - 61-68 –р тал.
Сэр-Оджав Н. Унгутинские памятники. ОУМЭ-ийн III их хурал. III боть. Улаанбаатар, 1979, 258-262.
Сэр-Оджав Н. Эртний түрэгүүд (VI-VIII зуун). Studia archeologia, Tomus V, Fasc.2, -Улаанбаатар, 1970. – 116 х.
Сэр-Оджав Н. Баян-Өлгий аймгийн археологийн дурсгалыг судалсан нь //Түүхийн судлал. SH, Т. YIII, f. 1. Улаанбаатар, 1969. 19-26.
Төрбат Ц., Баяр Д., Цэвээндорж Д., Баттулга Ц., Баярхүү Н., Идэрхангай Т., Жискар П.Х. Монгол Алтайн археологийн дурсгалууд -I. Баян-Өлгий аймаг. –Улаанбаатар: «Өнгөт хэвлэл ХХК», 2009. - 424.
Худяков Ю.С. Древнетюркские поминальные памятники на территории Монголии (по материалам СМИКЭ в 1979-1982гг.) // Древние культуры Монголии. - Новосибирск, 1985. –С.168-184
Худяков Ю.С. Об изображений божеств древнетюркского патеона на памятниках искусства номадов Южной Сибири и Центральной Азии эпохи раннего средневековья //
Худяков Ю.С., Плотников В.А. Древнетюркские каменнные изваяния в южной части Убсунурской котловины. Археологические, этнографические и антропологические исследования в Монголии. Новосибирск, 1990.-С.111-115
Худяков Ю.С., Табалдиев К.Ш. Древние тюрки на Тянь-Шане. -Новосибирск: Издательство Института археологии и этнографии СО РАН, 2009, -292с.
Цэвээндорж Д., Баяр Д., Цэрэндагва Я., Очирхуяг Ц. Археология Монголии. - Улаанбаатар, 2008. - 239.
Чариков А.А. Изобразительные особенности каменных изваяний Казахстана // Советская археология. 1986. №1. -С.87-102.
Чариков А.А. Группа скульптур из Джамбула // Советская археология. -1980. -№3. –С.301-307.
Чариков А.А. Новая серия каменных статуя из Семиречья // Средневековые древности евразийских степей.-М.: Наука, 1980. –С.213-234.
Чариков А.А. Группа стеловидных статуй из Семиречья и Прииртышия // Проблемы средневековой археологии Южной Сибири и сопредельных территорий. –Новосибирск:Изд-во Новосиб. ун-та. 1991. –С.41-52.
Чариков А.А. Каменные скульптуры средневековых кочевников Прииртышия // Археологические исследования древнего и средневекого Казахстана. -Алма-ата, 1980. С.130-140.
Чариков А.А. Новые находки средневековых изваяний в Казахстане // Советская археология. 1989. №3. - С.184-234.
Чариков А.А. О локальных особенностях каменных изваяний Прииртышия // Советская археология. -1979. -№2. –С.179-190.
Чариков А.А. Раннесредневековые скульптуры из Всотоного Казахстана // Советская археология. -1976. -№4. –С.153-165.
Шер Я.А. Каменные изваяние Семиречья. – М.; Л.: Наука, 1966.-139 с.
Ядринцев Н.М. О каменных бабах Сибири и Монголии // Труды VIII археологического сьезда в Москве. 1890. Т.IV.- М.,1892. –С. 159-160.
Ядринцев Н.М. Отчет экспедиции на Орхон, совершенной в1889 г., по поручению Восточно-Сибирского отдела императорского Географического общества // Сборник труды Орхонской экспедиции. Вып.1, - Спб., 1892. -С.51-113.
Amartuvshin Ch. Bati Moğolistan’da bulunan eski Türk anitlari // Türk dili araştırmalari yilliği- Belleten 2000. - Ankara, 2001. - s.19-21
Inscriptions de l’Orkhon - Inscriptions de l’Orkhon recuellies par l ’expedition Finnoise 1890 et publiees parla Societe de Finno-Ougrienne. -Helsingfors. 1892. -p. I-XLIX. 1-48. Tableaux № 1-66.
Granö J. G. Archaologische Beobachtungen von meiner Reise in Sudsibirien und der Nordwestmongolei in Jahre 1909. SUSA, JSFU . XXVIII, 2. -Helsingfors. 1910. -pp.1-67.
Kubarev Glev B., Gilsu So, Damdinsuren Tseveendorj Research on ancient Turkic monuments in the valley of Khar-Iamaatyn gol, Mongolian Altay // Current archeological research ih Mongolia. Papers from the First International Conferense on «Arhceological Research ih Mongolia» held in Ulaanbaatar, August, 19th-23th,2003. –Bonn, 2009.-615 p. (pp. 425-435 )
Moǧolistandaki Türk Anitlari Projesi 2000 Yili Çalişmalari.- Ankara, TIKA, 2001. - 257.
Ramstedt G.J. Seven journeys eastward 1898-1912. Bloomington. 1978.
Stark Soren Some Remarks on the Headgear of the Royal Turks // Journal of Inner Asian Art and Archaeology. New York University by Brepols Publishers, 4/ 2009.- 119-133.
Takao Moriyasu, Toshio Hayashi Site of Bugut // Provisional report of researches on historical sites and inscriptions in Mongolia from 1996 to 1998 . Edited by Takao Moriyasu and Ayudai Ochir. The Society of Central Eurasian Studies, Toyonaka, Osaka University, 1999. pp. 121.
Toshio Hayashi Change from Turkic Stone Statues to Mongolian Stone Statues // Ulaanbaatar, 2011.08.16. -6+7pp.
Toshio Hayashi Runic inscription on a roof tile found in Mongolia.XIV. Türk Tarih Kongresi, Ankara: 9-13 Eylul 2002 Kongreye sunulan bildiriler III cilt. TTK, pp. 578-580.
Toshio Hayashi Mongoria-nu іshinin . Stone Statues in Mongolia / Bulletin of the National Museum of Ethnology. vol.21. no.1. Osaka, Japan. 1996. pp. 177-283.
Toshio Hayashi Yuurashia-nu іshinin. Stone statues of Eurasia . Archaeologia Eurasiatica. –Tokyo: Yuzankaku Publishers, 2005, -245.
Xinjiang Uigurs autonomous region museum. Urumchi.2006.-196 p.
Yoshida Yutaka Sogdian Part Of Bugut Inscription // Provisional report of researches on historical sites and inscriptions in Mongolia from 1996 to 1998 . Edited by Takao Moriyasu and Ayudai Ochir. The Society of Central Eurasian Studies, - Toyonaka, Osaka University, 1999.- pp. 122-124.
Пікір қалдыру
Алпамыс Абу07 Наурыз, 2019
Соңғы жылдары жария болған ізденіс жұмыстарын қорытындылай келіп, осындай ортақ ғылыми тұжырымдық мәнге ие тың мақалар көпшілікке, ғылыми ізденіске түскен жас ғалымдарға қажетті дүниелермен толықтырылып жарияланып тұрса екен деп тілек білдіремін.
Амир15 Наурыз, 2023
".............Eski Türklerde bediz........." Эти изваяния выполнены в 13 веке и даже не "пахнет" древнетюркскими!!! Все 95% надписей написаны в 13 веке. А считающаяся изображением Култегина:это старшая с морщинами это мать Чингисхана-Марал(Олуэн, Оэлун-рогатая олениха), в то которая моложе изображенная в 1000 тенге-это мать Кубылайхана Сарақұқтан-бике! Тюркологи до сих пор не знают которая Культегин! Эти две женщины и есть еще 3 женщина, это Болған Ана(Бөрте) - мать Жошыхана!
Амир15 Наурыз, 2023
Почему тюркологи суют нам изображения женщин как изваяния Культегина? Разве воины 40-47 лет не должны носить бороду или усы? Один "великий тюрколог" объяснил отсутствие бороды, тем что ТЮРКИ сбривали бороду и усы, чтобы не мешали при сражений- такого абсурдного ответа Я не слышал никогда-ложь пораждает еще большей лжи!