Көне түрк жерлеу орындары
Жалпы мәлімет
Түрктануда бүгіндер, Түрк Елі империясының салт-дәстүрлері, ғұрыптық жосын-жоралғылары жайында бірсыпыра нақты дәлелдер, заттық айғақтар жинақталынды. Көне түрктерде жерлеу орындары мен ғұрыптық кешендері деген екі түрлі ескерткіш орындары болды. Түріктердің жерлеу орындарында біршама зерттеулер жүргізілгенімен қазірге дейін қаған, бекзаттарға, лауазымды билік тұлғаларына тиесілі белгілі ерекшеліктері мен арнайы символикалық белгілерімен айқындалған мүрделер табылмай отыр. Ал, қайтыс болған адамды оның ат-әбзелдерімен бірге жерлеген орындар мол кездеседі. Сонымен қоса, жартастарда, тасты үңгірлерде жерленген адамдардың сүйектері де кездесіп жатады. Көне түрік дәуірінде қайтыс болған адамды жерлеумен қатар өліктің мүрдесін өртеп күлін арнаулы жерге көмген деген жазба деректер кездеседі. Бұл орайда ғұрыптық кешендердің ортасында өліктің өртенген күлін көму жосығының нақты дәлелі әлі күнге дейін кездеспеген. Дегенмен марқұмды Тәңіріге жөнелту салт-дәстүрлері нақты қалай болды дегенге зерттеушілердің пікірі әр түрлі.
Евразиялық кеңістікте, атап айтқанда қазіргі Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресейдің Хакасия, Алтай, Тыва республикалардың, Шығыс Түркістан, Ішкі Моңғолия (ҚХР) жерлерінде, Еділ, Дон өзені бойында түрктердің сан мыңдаған жерлеу орындары табылған, бірсыпырасында археологиялық қазба зерттеулер жүргізілген. Ал, сол замандарда бекзат батыр тұлғаны қайтыс болған соң мүрдесінің қасына өліктің тірісінде қолданып жүрген садақ оғы, қылышы, ыдыс-аяғы, киім кешектері, мініп жүрген атын да, әбзелдерімен қоса бірге көмген жерлеу орындары көптеп кездеседі.
Ғылыми әдебиет
Сэр-Оджав, 1970 ;
Худяков, 1985;
Степи Евразии в эпоху средневековья, 1981;
Войтов, 1996 ;
Цэвээндорж , Баяр , Цэрэндагва, Очирхуяг, 2008 ;
Досымбаева, 2002 ;
Кубарев , 2005 ;
Худяков, Табалдиев, 2009 ;
Сэр-Оджав, 1958, 1959, , 1970, 1977, 2003;
Баяр, 2008, 156-178.;
Кубарев, 1984,
Худыков, 1985;
Худяков, Табалдиев, 2009
Пікір қалдыру
Жанел 11 Қаңтар, 2021
Маған керекті дерек Шілікті патша қорғандары қашан ашылды