Оғызнама

Жалпы мәлімет

 («Оғыз тарихы»). «Оғызнаманың» түпнұсқасы, шамамен алғанда, IX-X ғасырларда жасалған болу керек. Бірақ олар біздің уақытымызға дейін сақталмаған. «Оғызнаманың» кейінірек шығарылған (немесе қайтадан жазылып алынған) екі түрлі нұсқасы бар. Бірі ескі ұйғьр алфавитімен, екіншісі араб әрпімен жазылған. 

 Оғыз  түрк  халықтарының аты аңызға айналып кеткен батыры, қол бастаушысы. Оғыз хан (немесе Оғыз қаған) – оғыз тайпалары мен руларының атасы. Бізге мәлім варианттардың бәрінде де Оғыздың өмірі мен әскери жорықтары, халық игілігі үшін сіңірген еңбектері мен қоғам кайраткері ретіндегі істері әңгімеленеді.

Ескі ұйғыр жазуымен берілген нұсқа 21 парақтан яғни 42 беттен тұрады. Әр бетке 9 жолдан жоғарыдан төмеңге қарай тік бағытта мәтін жазылған. Жазылған жері жөнінде Жетісу өңірін жайлаған ж дыбысымен сөйлейтін тайпалардың ортасы болу керек деген пікірлер де бар.

«Оғызнаманың» транскрипцияланған тексі мен орысша аудармасын жасап, грамматикалық ерекшеліктерін сипаттап, түсініктемелерін жазған А.М.Щербак мұны XIII ғасырдың аяғы, XIV ғасырдың басында, Тұрпан аймағында, қарллұқ-ұйғыр тілінің ортаазиялық диалектісінде жазылған дейді (1959 ж.).

Араб алфавитімен жазылған нұсқасының авторы – атақты Әбұлғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1664 жылы). Ол- Шыңғыс қаған әулетінен тараған, Шейбанидің (Жошы әулеті ) ұрпағы. Ол өзі – тарихта Хиуаның ханы болды, атақты әскери қолбасшы, әрі үлкен тарихшы ретінде мәлім болған адам.  



Шұғыла03 Қазан, 2019

ұнады рахмет

Rôže06 Қазан, 2019

Оғызнама жырын жазбайсыңдар ма?

Тоқжан 28 Қазан, 2020

《Оғызнама》деректеріне қарағанда жағбу өзінің жерін бөлген аймақ саны

Рауан01 Қараша, 2020

Ту кетш

Пікір қалдыру