Нири қаған ғұрыптық кешені бәдізіндегі көне соғды тілді мәтін

Жалпы мәлімет

 Нири қаған Мұқан қағанның немересі әрі Түрік Елі империясының алғашқы қағандарының бірі болған. Нири қаған 587-599 жж. аралығында 12 жыл  билік құрған. Нири қағанды жерлеу рәсімі тарихи жазбаларда 599 жылы болған делінеді. Бұл  ғұрыптық кешен мен бәдіз 1953 ж. ҚХР, ШҰАР, Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты «Моңғолкүре» ауданы орталығынан оңтүстік-шығыста 5 км жердегі «Кішіқонақай» деген жазықтан табылған. Кешеннің басқа да құрамдас бөліктері жайында толық мәліметтер жоқ.

    Қызғылт сұр граниттен жасалынған бәдіздің өлшемі: 230 х 30х50 х 35 см. Алдыңғы  етек тұсында  көне соғдыша 20 жол мәтін қашалған. Бәдіздің бас бөлігіндегі бөріктің маңдай тұсында тәжі бейнеленген. Оң қолымен кеуде тұсына ыдыс, сол қолымен кемер белдікті ұстаған. Бәдіздің арқа тұсында он жолақ етіп шаш бұрымдары бейнеленген. Төменгі тұсында 13 (20?) жол соғды жазулы мәтінінен 8 жолы үзік-үзік қана сақталынған. Басқа жолдары толық зерттелмеген. 






Ғылыми зерттеулер


Жапония ғалымы Такаши Осауа  ғылыми тұрғыдан кешен құрылымын,  бәдіздегі соғды мәтіндерін және тарихи деректанулық жақтарын  зерттеген. 

Ғылыми әдебиет

Ōsawa, T. A stone statue with a Sogdian inscription along the Ili river in Xinjiang: As a source of the royal genealogy of the early Turkic Khanate periods (in Japanese), Bulleten of the National Museum of Ethnology Special Issue No.20, Osaka, 1999. pp.327-378.

Ōsawa, T.  Batı Göktürk Kağanlığı‟ndaki Aşinaslı Bir Kağan‟ın Şeceresine Ait Bir Kaynak, Türkler 2, Yeni Türkiye Yayınları, 2002. pp.79-88.

 Осава, Т. Историческое значение сосуществования языков, культур и культовых верований в ранний период Тюркского Каганата от земли Отюкен до регионов Тянь-Шаня //Западный Тюркский Каганат. Атлас - Астана: "Service Press", 2013 - c.88


Мәтін

 Бәдіздегі көне соғдыша мәтін (Такаши Осаваның аудармасы бойынша):

« 1. ...

2.  ctß'r kyr'n ğrβ...

3.  γry'... h...t rty 21 srδ 'xš'wnh ...

4. δ'r rty6 m'x 'myδ... pr ...

5. s'r p'w' ... t rty 26 srδ pšys'r 

6.  mwx'n  x'γ'n npyšn ßγy ...p'y    nry x'γ'n  

7.  ... srdw mz'yx x''n β'y m .. γa’li‘ya »  [Ôsawa Takashi , 2003].



Қазақша мағынасы:  «... төрт тараптарға,  көптеген ... тауларда ... жиырма бір жыл қағандық құрған... алты ай бойы ... ...одан кейін жиырма алты жыл ...Мұқан қағанның немересі ... Нири қаған  ұлық  қаған  болып, .... жылдан соң ...» . 

Пікір қалдыру