Жоба туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен   құрылған  Түркі кеңесінің сам­митінде    (Астанада 2015 жылғы 11 қыркүйекте)  «Түркі Академиясының, Мәдени мұра қорының құрылуы біздің жастарымызды жақындастыру, ортақ мұраны зерделеу үшін тарих пен тілді бірлесіп үйренуге деген ықыласымызды білдіреді.... Білім мен тәжірибе алмасу, түркологтарды бірлесе даярлау, түркі мұрасын зерделеуде Түркі  академиясының мүмкіндігі зор »  деген еді.    Түркі кеңесі шеңберінде 2011 жылы ҚР Президентінің бастамасымен құрылған Ақсақалдар кеңесі  Түрк әлімінің  ақпараттық танымдық ортақ  сайт порталын құруды ұсынған болатын.

Халықаралық Түркі академиясы тарапынан дайындалған «Аталар мирасы»  мультимедиалық қоры әлемдегі түркі тілдес халықтардың, ұлыстардың, этникалық топтардың    жазба, фольклорлық және басқа да рухани-материалдық мәдениетіне тікелей қатысты  аса бай мұраларына арналған.  Порталдың ресми атауы: atalarmirasi.org 

Түрк әлемінің рухани мұраларын сериялық кітап,  басылымдар  ету ісі өзекті мәселе.  Сондықтан бүгінгі күннің ақпараттық технологиясында кеңінен қолданатын сыйымдылығы  аса  мол мүмкіндіктерге ие  - мультимедиалық қор порталын ашып отырмыз. 

Жоба жетекшісі

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ

Халықаралық Түркі академиясының Президенті